Трамп Қазақстанға келуі мүмкін
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Қазақстанға келгісі келеді. Сондай-ақ АҚШ-тың өзге де саясаткерлері, соның ішінде президент Дональд Трамп та елімізге сапармен баруға қызығушылық танытқан.
Бұл жөнінде АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффт Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұхбатында айтты.
– Жоғары деңгейдегі сапарлар болатынына сенімдімін. Мемлекеттік хатшы Рубио сыртқы істер министрі Тілеубердіге Қазақстанға келгісі келетінін айтқан. Басқа да тұлғалар, соның ішінде президент те Қазақстанға келуге қызығушылық білдірді. Біз мұны ұйымдастыруға тырысамыз, – деді елші.
Алайда ол сапарлардың нақты мерзімін атаған жоқ.
Abai.kz