Сенбі, 23 Қараша 2024
5109 1 пікір 22 Қараша, 2019 сағат 15:11

А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО өзбекстандық ірі медициналық орталықтармен серіктестік орнатты

Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында «Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының жылы» эгидасының аясында қазақстандық медицина күндері өтіп жатыр. Үкіметаралық келісімдердің шеңберінде ұйымдастырылған бұл іс-шараның басты мақсаты екі республиканың денсаулық сақтау, медициналық білім беру жүйелерінің диалогын дамыту және нығайту, сондай-ақ ауруларды жаңа технологиялар арқылы диагностикалау және емдеу бойынша тәжірибе алмасу, - деп хабарлайды А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының баспасөз қызметі.

Ұлттық орталықтардың, жоғарғы оқу орындарының, денсаулық сақтау басқармаларының өкілдерінен тұратын қазақстандық делегацияны Денсаулық сақтау министрі Біртанов Елжан Амантайұлы бастап барды.

А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының делегациясының құрамында орталықтың жетекші мамандары бар: интервенциялық кардиология бөлімінің меңгерушісі, PhD Байымбетов Әділ Құдайбергенұлы, эндоскопия бөлімінің меңгерушісі, денсаулық сақтау магистрі Абдрашев Ерлан Байтөреұлы, урология және бүйрек трансплантациясы бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Ибрагимов Равиль Пашаевич, аға ғылыми қызметкер, профессор Ілиясова Бибігүл Сапарбекқызы, гинекологиялық бөлімнің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Үсенов Қадыржан Маратұлы, жоғары санатты гинеколог дәрігер Чупин Александр Николаевич, стратегиялық блоктың жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты Міржақыпов Арман Төлегенұлы. Орталық делегациясын Басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ДСМ-нің бас хирургы Баймаханов Болатбек Бимендеұлы бастап барды.

Осы іс-шараның аясында орталық мамандары өз жетістіктері мен табыстарын Өзбекстанның практикалық денсаулық сақтау өкілдерінің назарына ұсынды.

Жоғары деңгейдегі сессияда Басқарма төрағасы Баймаханов Болатбек Бимендеұлы «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының медициналық технологиялар саласындағы жетістіктері» тақырыбында баяндама жасады.

В.Вахидов атындағы Республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық хирургия орталығы, Республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық кардиология орталығы, ӨР ДСМ-нің жұқпалы аурулар және вирусология Ғылыми-зерттеу институты, ӨР ДСМ-нің Республикалық перинатальдық орталығы сияқты Өзбекстан Республикасының ірі ұлттық орталықтарымен серіктестік туралы меморандумдар бекітілді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379