Жұма, 4 Қыркүйек 2026
4484 5 пікір 25 Қараша, 2019 сағат 10:35

Путин: Жаңа қаруды бәрібір сынаймыз

Ресей президенті Владимир Путин тамыз айында Северодвинскідегі сынақ кезінде жарылып, жеті адамның өліміне себепші болған жаңа қаруды Ресей бәрібір жетілдіре береді деп мәлімдеді.

Бейсенбі, 21 қарашада Кремльде Ненокса полигонында қаза тапқан адамдардың туыстарына "Ерлік" орденін тапсырған Путин апат жөнінде түсініктеме берді. Ол полигонда нақты қандай қару сынақтан өткенін айтпады. Бірақ "Ресейдің қауіпсіздігін ондаған жыл қамтамасыз ететін әлемде теңдесі жоқ қару" деп сипаттады. Путиннің сөзінше, "уникалды технология әлемде бейбітшілікті сақтауға кепілдік береді".

Бұған дейін Ресей президенті "болашағы зор" қару жүйесімен жұмыс барысында жарылыс болғанын айтқан. Қорғаныс министрлігі жарылыс радиоизотопты энергия көзінен шықты деп хабарлады.

Азаттықтың орыс қызметі және өзге бірқатар БАҚ ашық деректерге сүйене отырып, жарылыс себептері жайлы болжам жариялаған. Қазан айында АҚШ мемлекеттік департаменті Ресейдің Архангельск облысындағы полигонда болған жарылыс Ақ теңіздің түбінен ядролық қондырғысы бар "Буревестник" зымыранын алып шығу кезінде болған деген қорытынды жасады.

Тамыздың 8-іне болған жарылыста "Росатомның" бес қызметкері, екі әскери қызметкер қаза болып, бірнеше адам жараланды. Олардың кейбіріне радиация сәулесі өткені хабарланды. Северодвинскідегі жарылыстан соң аймақта радиация деңгейі 16 есеге ұлғайып, қалпына түскен.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 772
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2070
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 526
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 500