Сенбі, 23 Қараша 2024
2411 8 пікір 25 Қараша, 2019 сағат 10:42

ОСК бастамашыл топтың референдум өткізу туралы ұсынысын тіркемеді

22 қазанда Орталық сайлау комиссиясы референдум өткізу туралы бастамашыл топтың өтінішін тіркеуден бас тартқанын хабарлады. Комиссия өтінішті тіркемеу себебін "бастамашыл топтың Нұр-Сұлтан қаласында өткізген жиналысына өңірлерден қатысқан делегаттар саны жеткіліксіз болды" деп түсіндірді.

ОСК бастамашыл топтың референдум туралы өткізу ұсынысын, жиналыстың хаттамасын 21 қарашада қабылдап алған.

ОСК шешімінде "референдум өткізгісі келген азаматтар заңға сәйкес жұмыс істегенін, алайда 10 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында бастамашыл топтың жиналысына тиісті делегаттар талапқа сай жиналмаған. Қала әкімдігінің дерегінше, жиынға барлығы 279 делегат қатысқан. Талап бойынша, әрбір облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан кем дегенде 510 делегат қатысуы керек" деп жазылған.

Жиынды өткізген бастамашыл топ жиынға 558 адам келгенін мәлімдеген еді.

Орталық сайлау комиссиясы шешім шығарғанда кейбір БАҚ-тың бастамашыл топ жиналысы жайлы таратқан ақпаратына "сүйенгенін" алға тартады..

"Vlast.kz сайты қатысушы санын 300-дей деп көрсеткен. Азаттық радиосындағы репортажда қажетті кворумның жоқтығына наразылық білдіргендердің болғаны айтылған" деп мәлімдеді ОСК қаулысында.

Бастамашыл топ он күн ішінде Жоғарғы сотқа шағымдануға құқылы.

10 қарашада Нұр-Сұлтанда бір топ белсенді жиын өткізіп, "Сайлау туралы" және "Саяси партиялар туралы" заңды өзгерту үшін референдум өткізу мәселесін талқылаған. Нұр-Сұлтандағы жиында белгісіз бір адам "жиналыстың заңдылығына күмән келтіріп", дауласқан еді. Жиынға наразылық білдірген қатысушыны залдан күштеп шығарған.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377