Мұхтар Шерім. Бекболат Тілеуханның мұнысы несі?
«Бекболат Тілеуханның мұнысы несі? Әйтеуір атын шығару үшін байбалам сала береді екен... Ендігі айтпағаны осы еді...» - деп өкпелеуіңіз мүмкін...
Ренжімеңіз, Бекболат ініме бекер өкпелейсіз... Қазақ жазушылары, «мен» деген ақындары, ғалымдары, зиялылары айта алмай жүрген салмағы самауыр қайнататын сөздерді алдыңызға жайып салса, оның несі жаман?
«Бекболат Тілеуханның мұнысы несі? Енді бізді сөз еткені - майдалануы емес пе екен?» - деп КТК (көңілді тапқырлар клубы) жастары өкпелеуі мүмкін...

Мәселе мынада: халық қалаулысы, отты сөздерімен елді елең еткізіп жүрген, қазағым десе жанын да беруден тайынбайтын біртуар азамат Бекболат Тілеухан КТК ойыншыларын тамашлап отырады. Сахнаға шыққан жастар Шымкентті жамандай бастайды. Екіншісі де Шымкентті әжуалайды. Үшіншісі де Шымкентті түйрейді. Төртіншісі тістейді, бесіншісі білгенін істейді. «О шешеңнің,» « Шымкентскилер», «техастар» деп әжуалайды. Бұған шыдамаған Бекболат сөз кезегі келгенде: «Сендер неге Шымкентті жамандайсыңдар? Не болды сендерге? Атаңның құны қалмақта, одан қалса орыста қалып еді ғой. Шымкент, Шымкент деп не болды? Шәкәрім: «қазақтың Қаратауда болғаны анық»,- деген. Сол Қаратау Шымкент жақта. «Елім-айдағы» қазақтың көші сол Қаратауда тербелген. Бүкіл қастерлің жерленген Түркістан Шымкентте. Бүкіл жәдігерің, қожа-молдаң табан тіреген жер - сол Шымкент. «Мекке мен Мәдинені сүймегеннің Мұхаммедті сүйдім» дегені өтірік демекші, Шәуілдірді құрметтемей, Шәмшіні сүйдім дегеніңе сенбеймін. Қазақты ұнатпаған Созақты ұнатпайды. Созақ ұнамаса, Сүгір мен Төлегенді қадірлегенің өтірік. Шымкентті келемеждеймін деп бүкіл қазақтың тарихын күстаналап жатқандарыңды білесіңдер ме? Әрине, қай қала болсын, жаманы мен жақсысы қатар жүреді. Түсінген жанға ақымақтық, өзін-өзі масқаралау деген осы» - деп салады. Қандай ғибратты сөздер! Жершілдіктің жалауын желбіретіп жүргендердің басына сал-еп, сал-еп қалатындай ауыр сөздер... Бұдан артық не керек бұл қазаққа? Неге өкпелейсің, Бекболатқа, ей, қазақ?
«Абай-ақпарат»