Алматы облысында проблемалық үлескерлерге көп қабатты 28 үй салынуда
Талдықорған. 23 тамыз. ҚазТАГ - Алматы облысында үлескерлердің проблемасын шешуге 2139 пәтерден тұратын 28 жаңа көпқабатты тұрғынүй салынбақшы, деп облыс әкімінің орынбасары Болат Такенов мәлім етті.
«Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен Т28,721 млрд бөлініп, оның ішінде: Т11,566 млрд - инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысына деп, Т17,155 млрд «Премьера» ЖҚК (игерілген қаржы Т6,079) бөлінген. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ уақытша қаржылық көмегі Т1,024 млрд болды. Тапсырыс беруші ретінде Алматы облысының әкімшілігінің өкілетті мекемесі - «Жетісу Жаңа Құрылыс» тағайындалды», - деп әкім орынбасары мәлім етті.
Оның айтуынша, Алматы облысында 2011 жылы 9 тұрғынүй кешенінде 2489 үлескердің проблемасы шешілмей қалған.
Тұрғынүй Қалқаман селосында алты проблемалық кешеннің 2111 үлескері үшін, оның ішінде «Премьераның» - 832 үлескері, «Елімайдың» - 728 үлескері, «Шығыс» - 370, «Ақсай бөктері» - 129, «Алма бағы» - 38, «Өркен» - 14 үлескер бар.
Құрылысты конкурсқа қатысқан 42 компанияның арасынан жеңіп шыққан алты комапния - «АГС Пласт» ЖШС, «Меридж Групп» ЖШС , «Геостройсервис» ЖШС , «Таймас» ЖШС, «Шымкентстрой» ЖШС , «Келешек» ЖШС жүргізіп жатыр, деді Б.Такенов.

Құрылыс территориясы 7,56 га, үйлердің жалпы алаңы - 219,4 мың шаршы метр, тұрғын үй ауданы - 196 мың шаршы метр. Құрылыс 2011 жылғы сәуірде басталып, 2012 жылғы 30 мамырға барлық нысан құрылысын аяқтау жоспарлануда.