Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2736 0 пікір 24 Тамыз, 2011 сағат 07:18

Дауылдың салдарынан жалаңаштанып қалған тау баурайлары Алматы үшін қауіпті, деп есептейді әкім

Алматы. 24 тамыз. ҚазТАГ - Дауылдың салдарынан ағаштары қирап, жалаңаштанып қалған тау баурайлары Алматы үшін қауіпті, деп есептейді қала әкімі Ахметжан Есімов.

«... тағы бір проблема туындады: бригадалар құлаған ағаштарды тау бөктерлерімен сүйретіп түсіре бастады. Соның салдарынан тау бөктерлері сырылып, тапталып жатыр. Мен ТЖ министрі Владимир Божкомен сөйлесіп, қаланы сел мен тасқыннан қорғайтын тосқауылдар қою мәселесін шешуді сұрадым», - депті А. Есімов, «Время» газетінде оқырмандардың сауалдарына жауап беріп.

Ол «ағаштардың жоқтығынан қыста қар тежейтін ешнәрсе жоқ, сондықтан бұл да қала үшін қауіпті» екенін атап өтіпті.

«Жақында қыс түседі, ал бұрындары қар тоқтатып тұрған ағаштар енді жоқ. Бұл тек қалаға ғана қауіп төндірмей, енді қарқын алып отырған Алматыдағы туристік кластердің дамуына кері әсер етуі мүмкін. Мысалы, тек биылғы жылдың бірінші тоқсанында туризмнен қала бюджетіне 1,7 млрд теңге кіріс түсті. Бізде туристік сектордың локомотиві - «Медеу» мен «Шымбұлақ». Сондықтан дауыл салдарын тезірек жоюға тырысу керек», - дейді әкім.

Сонымен қатар ол, ұлттық бақтағы дауыл салдарын жою жұмыстары төмен қарқынмен жүріп жатқанына налынады.

«Әрине, бұл Алматыны қанағаттандырмайды. Біріншіден, өрт қаупі бар. Екіншіден, өлі ағаштарда зиянкестер көбейіп, кейін олар тірі тұрған ағаштарға зиянын келтіреді», - дейді қала басшысы.

Ол сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағына жататын Іле-Алатау ұлттық бағының 90 мың ағашы қирап жатқан жоғарғы жағындағы жұмыстар үшін үкімет «бір тиын да» бөлмегенін атап өтті.  «Әңгіме бар болғаны 200 млн теңге туралы болып отыр. Жағдайдың күрделі екендігі түсінікті де және ол туралы мемлекет басшысының тиісті нұсқауы болса да! Сонда да, сөз бұйдаңға салуда... Өз тарапынан қала 600 млн-нан астам теңге бөлді.

Шатқалдың төменгі жағы - қала территориясына жатады - ол жерде іс жүзінде жұмыс аяқталды», - дей отырып А. Есімов, «Алматы әкімшілігінің және жеке менің өзімнің көрсеткен қысымымның нәтижесінде онда бүгіндері 40 бригада жұмыс істеп жатыр» деп атап кетті.

«Бірақ оларға техника - тракторлар, пилорамалар мен т.б. сатып алу үшін ақша керек. Онда адамдарды қанша болса да апаруға болады, бірақ олар техникасыз ешнәрсе бітіре алмайды. Алматыда қирандыларды өз күштерімен әкетіп, өңдеуге дайын бірнеше кәсіпорын бар. Бірақ оларға келешекте прокуратура мен қаржы полициясына ұрынбай ондай жұмыс атқаруға мүмкіндік беретіндей заң жоқ», - дейді әкім.

«Біз экологиялық апатпен ұшырасып отырғандықтан, ал боран салдарын басқаша атауға болмас, біздің әрекеттеріміз де соған сай болуы тиіс. Президент жағдайдан хабардар. Премьер-министрмен мен де бұл проблеманы талқыладым, ол бұл мәселенің тез арада шешілуі қажеттігін түсінеді. Енді олардың қарамағындағылардан әрекет күтеміз», - деді ол.

Бұрын хабарланғандай, қала территориясында 17-ші мамыр мен 27-ші шілдеде өткен дауыл нәтижесінде 10 мыңдай ағаш құлап, 37 ғимараттың шатыры қираған болатын. Одан басқа, көшелердегі жарық беретін желілердің 62 бағанасы, 846 қума метр жол шарбақтары, Медеу-Шымбұлақ жолындағы «Сарсай» шатқалында су өткізетін құбыр қирады. Іле-Алатау Ұлттық бақта 100 мыңдай ағаш қирады.

Дауылдан соң Алматыда ҚР ТЖМ министрі В. Божконың қатысуымен кеңес өтіп, «сол кезде үкімет дауыл салдарын жоюға республикалық бюджеттен қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Бірақ әлі күнге ол қаражат түскен жоқ», - дейді әкім.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373