Сенбі, 23 Қараша 2024
2538 0 пікір 4 Желтоқсан, 2019 сағат 10:32

Сирияда Ресей әуе соққысынан 15 бейбіт тұрғын қаза тапты

2 желтоқсанда Идлиб провинциясында Сирия және Ресей әуе соққысынан кемінде 15 бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы Сириядағы адам құқықтарының сақталуына байқау жүргізген орталық мәлімдеді.

Бас кеңсесі Ұлыбританияда орналасқан ұйымның мәліметіне қарағанда, Идлиб провинциясындағы Маарет әл-Нуман қаласындағы базарды атқылау кезінде 13 адам қаза тауып, 18-і жарақат алған. Бұдан бөлек аталған провинцияның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Саракеби және әл-Сарман қыстақтарында да бір-бірден адам мерт болған.

Ұйым басшысы Рами Абдел Рахман ресейлік ұшақтар Идлиб қаласының Кфар Сажна қыстағына да соққы бергенін мәлімдеді.

Ресей Сирияда жанжал басталғаннан бері бұл өлкенің президенті Башар Асадқа қолдау көрсетіп келеді. Түркиямен шектесетін Идлиб провинциясында негізінен Сирия оппозициясының күштері топтасқан.

Ортада ресейлік қорғаныс министрлігі Сирияның Түркиямен шектескен аймағын күзетіп жүрген әскери полицияның үш қызметкері жарақат алғанын мәлімдеді.

Ресей мен Түркия күштері президенттер Владимир Путин мен Режеп Ердоған қол қойған келісім негізінде қараша айынан бері аталған аймақты бірлесіп күзетіп келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340