Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4035 0 пікір 26 Тамыз, 2011 сағат 05:23

Алматы облысында 12 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды

Талдықорған. 26 тамыз. ҚазТАГ - Алматы облысында осыдан 12 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахметтің ақпаратына сәйкес, 1999 жылы Алакөл ауданының Үшарал қаласында тұратын әйелдің үйіне қарақшылық шабуыл жасалған. Ер адам пышақпен қорқытып, үйден $1 мың ақша, зергерлік бұйымдар мен бейнемагнитофонды олжа кеткен.

«Тонаушыны қылмыстың ізін суытпай ұстау әрекеттері сәтсіздікке ұшырап, ол іздеуге жарияланды», - деп нақтылады ІІД өкілі.

«Жақында Шығыс Қазақстан облысынан (ШҚО) хабар келді, жергілікті полицейлер ШҚО-да 1994 жылы жасалған 3 қарақшылық шабуылға қатысы бар деп күдіктелген тонаушыны ұстаған. Алматы облысының тергеу бригадасы ұзаққа созбай ШҚО-ға аттанды», - деп мәлім етті К. Нұрахмет.

Оның айтуынша, ұсталған азамат барлық фактілер бойынша кінәсін мойындадлы. Үшарал тұрғынынан ұрланған бейнемагнитофон заттай айғақ ретінде тәркіленді. «Ол бейнемагнитофонды шалғайда тұратын туыстарына сыйлаған», - деп хабарлайды ІІД.

Ұсталған адам Аягөздегі уақытша ұстау оқшаулағышында отыр. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1119
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2656
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 773
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 739