Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
3381 0 пікір 9 Желтоқсан, 2019 сағат 11:09

Францияда полиция наразыларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ шашты

Француз полициясы зейнетақы реформасына қарсылық танытқан наразыларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ шашты.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Париж бен Нант қалаларында полиция мен наразылар арасында қақтығыс болған. Мұнда "Макрон жаңылды" және "Зейнетақыға тиіспеңдер!" деген жазуы бар плакат ұстаған мыңдаған адам көшеге шыққан. Парижде наразылар жүк көлігін аударып, өртегеннен кейін полиция газ шашқан.

5 желтоқсанда Францияда жалпыхалықтық ереуіл басталды. Оған мұғалімдер, авиадиспетчерлер, дәрігерлер, полицейлер мен сот қызметкерлері қосылды. Парижде қоғамдық көлік қызметкерлері наразылыққа шыққандықтан метроның 11 станциясы жұмыс істемейді, дүкен, банктер мен мейрамханалар жабылған.

Зейнетақы реформасын жүзеге асыру - президент Эммануэль Макронның сайлау алдында берген уәделерінің бірі. Реформа бойынша, зейнетақыны есептеу приниципі өзгеруі тиіс - Франция азаматтарының 62 жаста зейнетке шығу құқығы бар, бірақ зейнетақыны толық алу үшін 64 жасқа дейін жұмыс істеуге тура келеді. Үкімет реформа жүргізуді 2020 жылы аяқтауға уәде берген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1129
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2661
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 779
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 746