Жұма, 24 Қаңтар 2020
Күбіртке 1506 15 пікір 9 Желтоқсан, 2019 сағат 12:04

Тәрбие - ұлт пен мемлекеттің болашағын айқындайды!

Тәуелсіздіктің тұтқасы

Ағылшындар, «сәби тәрбиесі, ол дүниеге келерден бір ғасыр бұрын басталады» дейді яғни ол тәрбиенің негізі, сол ұлттың тілі, дәстүрі, мінезі, өнері, мәдениеті... Өмірлерін теңіз-мұхитта өткізетін яғни өмір мен өлімнің арасын бірнеше сантиметр тақтай бөліп тұратын және дүниетанымы шексіз мұхитта қалыптасқан ағылшындар мінезі ерекше халық. Атақтты психолог Г.Лебон ағылшындар туралы, «Америка құрлығына келген ағылшындар, онда бір ғасырда жаңа өркениет орнатты... Үндістанды жаулап алғаннан кейін саны өздерінен 60 есе көп жергілікті халықты ағылшын тілінде сөйлетті...». ХХІ ғасырда ағылшын тілі халықаралық, ғылым мен техниканың, әлем халықтарының 75% сөйлейтін тілге айналды. Осы халықта, «таң Британияда атып, сонда батады» деген отарлау кезінен қалған тәрбиелік маңызды мәселе бар. Ол, 18-ге толған жігіттер 20 жыл әскерде болады. Жасы 40-қа таянғанда әскерде басқа ел-жерді көрген жігіттер негізінен 18-25 жастағы қыздармен отбасын құрады. Осындай отбасында тәрбие алған ұл-қыздың білімді, талантты, ұлттық дәстүрге берік болатынын өмір көрсетті. Батыс елдерінде қалыптасқан тағы бір дәстүр, ол ер жеткен жастар ата-анадан бөлек шығып, өз күштерімен білімдерін алып, жұмыстарын істеп аяқтанғасын отбастарын құрады.

Ал, бізде керісінше, заманауи тәрбие толық қалыптаспаған. Бізде: - баланың тамағы тоқ, жыламай өссе, соны тәрбие деп түсінеді. Осындай ортада өскен ұл-қыздың баспақтан айырмашылығы шамалы?!;

- «ата-ана бар тапқан-таянғанын баланың алдына қою міндет» деп түсінген ортада өскен, ұл-қыздың санасы уақытылы жетіліп, өмірлік мақсат пен міндет қалыптаспайды, жастардың көпшілігі Отан алдындағы борыштарын өтеуден қашады және отбасын құруға батылдары бармайтын масыл болып өседі. Бізде отан қорғау мәселесін пара шешеді. Әскерге барғысы келмегендер мен барғысы келетіндер (соңынан құқық, қаржы полициясы т.б. қажет) мәселені $300 беріп шешеді. Қазақтар, жапонның, «егер ата-ана бар тапқанын балаларының алдына қоятын болса, онда ұл-қыздары масыл, ал немерелері қайыршы» болады дегенді бастан кешіруде. Бұл, Ана тіл мен Атамекенді қорғап, елді дамыта алмайтын яғни тәрбиесі теріс болашақ ұрпаққа салған капиталдан елге ешқандай пайда болмайды;

- Жібек жіппен өрілген коконның ішінде личинкадан жетіліп, одан шығуға талпынып жатқан көбелекті көрген ғалым, коконның тесігін үлкейтіп оның шығуына көмектеседі. Өз күшімен шықпаған шалажансар көбелек өмір сүруге жарамсыз болып, өліп қалады. Бұл, күресіп, мақсаттарына жеткендер ғана өмірге және соңынан ұрпақ өрбітуге лайықты екенін көрсететін сұрыптау, барлық тіршілікке, оның ішінде алдымен адамға да ортақ эволюцияның заңы. Қазақта оны, «Жетелеген тазы түлкі алмас» немесе масылдан тұлға шықпайды» дейді;

- Тәрбие, ұлт пен мемлекеттің болашағын айқындайды. Ол туралы, Шығыс даналығы «ұрпаққа қандай тәрбие бергеннен, ол ұлттың жүз ұрпақтан кейін қандай болатынын көруге болады» дейді. Жүз ұрпақ, ол 25 ғасыр. Бұл жерде дұрыс яғни ұлттың ғасырлық тәжірибесіне негізделген жүйелі тәрбиенің ұлтты сақтап, оның болашағын анықтаудағы рөлінің ана тілдей маңызды екенін көреміз;

- Елдегі аралас мектептер кезінде отарлаушылар өздеріне қажетті аудармашы, тілмаш т.б. дайындау және бұратана халықтарды орыстандыру үшін ашылғандықтан, ол ұлтқа қызмет етпей, мәңгүрттерді дайындайды яғни ұлттың мәңгүртеніп, маргиналдануына қызмет етеді. Сондықтан, бұл мектептерді жабу, ол отарсызданумен қатар, интеллектуальдық ұлт қалыптастырудың нақты қадамы. Ол туралы Көтеш ақын,

«Ана тілін алмаған арам ұлды

Аузы түкті кәпірден кем демеңіз...

Ана тілін сыйлаған адал ұлды,

Хат оқыған ғалымнан кем демеңіз... деген екен;

- Білім де тәрбиеің ажырамас бөлігі. Автордың зерттеулері біздің білім жүйесінде Батыс елдерінде кеңінен қолданатын үштік- білу, түсіну және даналықтың, балалардың тек білу қабілетін ғана дамытатын бөлімі ғана өтілетіндіктен, білім біржақты болып қалуда. Сонымен қатар, біздің білім жүйесі балалардың интеллектуальдық даму ерекшеліктерін ескермегендіктен, оның тиімділігі төмен. Енді оған бала-бақшадан бастап үш тілді үйрету деген анахронизмді енгізуде. Бұл, мүмкін болашақта кемтар ұрпақ тәрбиелеудегі қоғам дамуын ондаған жылдарға тежейтін диктаторлар енгізген «жаңалық» болып қалатын болар?! Жалпы, автордың қорытындысы бойынша жоғарыдағы көрсетілген білімдегі кемшіліктер бақытсыз ұрпақ тәрбиелеудің негізі болуда;

- Француз дәрігері Саид Мұхамедтің, «Алматының бір клиникасында екіқабат келіншектердің кезекке жарты сағат таласқандарына қынжылдым. Олардың өздерін түзету кеш. Ал, жатырларындағы болашақ сәбилерінің психикасын бұзып, тіпті оларды ашық дүниені көрмей жатып бақытсыз етіп жатқандарын түсінбейтіндері қынжылтты. Осындай ата-аналар барда соғыстың керегі жоқ» деген еді. Біздегі жағдай жаңағыдай болса, басқа халықтар жатырдағы болашақ сәбиге музыка, парктерге барып құстардың әнін... тыңдатып тәрбиелейтінін интернет заманында бәрі біледі. Себебі, ананың қоршаған ортамен байланысы және көңіл күйі 3-4 айдан бастап жатырдағы болашақ сәбиге түгелдей беріледі. Адамның өмірі екіге бөлінеді: жатырдағы және одан шыққандағы. Сәби интеллектісінің 10-15 пайызы және психикасы жатырда қалыптасады. Біз, осы тәрбие мәселесінде, қоғамда болсын қай заманда өмір сүріп жатқанымызды түсіп, оның ауыздығын қолға алғанда ғана, заманды билейтін жағдайға жетеміз;

- Жапондар семья бюджетінің 42-45%-ын балаларының және өздерінің оқуына яғни қоғам түгелдей адам капиталын дамыту, оның өмірін ұзартып, еңбек өнімділігін арттыру... жұмсаса, бізде қаржыны емтихан мен дипломдар сатып алуға жұмсайды. Нәтижесінде, білімсіз диплом алған жастар жұмысқа орналаса алмайды. Мысалы, біздегі жоғарғы білімі барлардың жұмысқа орналасуы ондай білімі жоқтардан 2 есе аз, ал Батыс елдерінде 3 есе көп;

- Бізде кейбір ру-тайпалар қор құрып, оған жиналған қаржыны руластарына диплом алып беру, жұмысқа орналастыру және лауазымын көтеруге жұмсайды. Ал, алдыңғы қатарлы елдер үшін, ол ел болашағы жастарды бұзатын жол. Мысалы, финдер балаларының оқу, жұмысқа орналасу т.б. мәселелеріне араласпауды ұлттық идея деңгейіне қойған. Себебі, олардың ұғымында болашақ тұлғаның жеке ісіне араласу, ол жастарды жігерсіз, жуас, масыл қылып, ұлттың болашағына зиянын тигізеді. Олар балаға қармақ берсе, біз балық береміз;

- Еврейлердің дәстүрінде баланың дүниеге келуін негізінен көктемге жоспарлайды. Себебі, сол кезде дүниеге келген сәби бірден далада серуендеп, таза ауамен демалып, ауырмай өссе, күз не қыста туған бала таза ауаға шығуды бірнеше ай күтіп, дамуы тоқтап «жартылай тұншығып» жатады;

- Бізде, басқа халықтардағыдай жастарды болашақ отбасын құрып, ұрпақ тәрбиелеуге жүйелі дайындықтан өтетін орта отбасында да, мектеп пен қоғамда да қалыптаспаған. Мысалы, 1980 жылы студент кезде Лейпцигтегі гигиена музейінде болғанымызда, сондағы 7-8 сынып оқушыларымен бірге жатырдағы сәбидің 9 ай даму жолын муляждан және фильмін көрсетті. Біз алғаш рет көрген осы құбылыс олардың оқушыларына таңсық емес, адам анатомиясының танымдық сабағы;

- Біздегі тәрбиенің бір ерекшелігі, ол барлығын тиюға, мысалы «қызға 40 жерден тиым» т.б. негізделген. Бұндай әдіс жаңа өсіп келе жатқан организмді тұншықтыру, ашылатын түйсіктерді («чакра») бітеу, аяғында суицид т.б. қайғылы жағдайлармен аяқталады. 2012-2013жж БҰҰ мамандарының зерттеулері 12-18 жастағы қыз балалар арасындағы суицидтен Қазақстан әлемде 1-ші орында десе, 2018ж солардың зерттеулерінде отбасылық зорлық, аборт, суицид, ажырасудан әлемде алдыңғы төрттікке кіреді екенбіз. Бұндай жағдай соңғы он жыл бойғы азамат соғысында халқының бір бөлігі аштық пен оқтан өліп, қалған 7 миллионы босқын болған Сирияда да жоқ.

Бұл не қылған сұмдық?! Бұның бір себебі, Семей атом және Ресей әскери полигондарының зардабы. Семей аймағындағы суицидтің деңгейі елдегі орташа статистикалық көрсеткіштен 15-16 есе, Ресей полигондары аймағында 10-12 есе жоғары. Байқоңырдан 1963 жылдан бері радиоактивті гептильмен ұшып жатқан ракеталардың зардабы да сондай;

- 2016 жылы Қазақстан Альянсы бастаған қоғамдық ұйымдар елдегі 6 облыстың территориясына 10 млн га жерде орналасқан Ресей әскери полигондары, - ол аннексияның бір түрі, оны жабу керек деп БҰҰ бастаған барлық халықаралық ұйымдарға жазғанменен, оны Үкімет пен Парламент қолдамады яғни олар ұлт болашағына немқұрайлы қарауда;

- Бұл жердегі мәселенің күрделілігі, - ол жоғарыдағы экологиялық апат аймақтарында екі басты баланың, дебилизмнің т.б. жиі пайда болуымен қатар, рухани тұрғыдан «боданнан құл туады, құлдан жетесіз ұл туатын» посткоммунистік кезеңдегі бұратана қоғамның санасынан арылуға ресми Нұрсұлтанның құлқы жоқ немесе құл-құтан болған солардың өздері, ұлт пен қоғамның дамуына кедергі келтіруде;

- Қазақстандықтар балаларын қалай тәрбиелейтіні туралы ЮНИСЕФ-тің Ұлттық Адам құқығын қорғау орталығымен бірге жүргізген балалардың құқықтарын қорғаудың жағдайы туралы зерттеулердің қорытындысын келтірейік:

А. Балаларға күш көрсету тәрбие кезіндегі қажеттілік, әлеуметтік норма деп санайды;

Ә. Зерттеу қорытындысы үлкендердің 75% отбасында баланың тәртібін бақылау үшін ұрғанды қолдаса, 67 пайызы балаларды тәрбиелеудің зорлық әдісін қолданатыны анықталды;

Б. Баланы зорлап, күшпен тәрбиелеу әдісінің тиімділігі жоқтығымен қатар, ол баланың денсаулығы мен психикасына зиян келтіреді. Сондықтан тұрғындармен бала тәрбиесі туралы ағарту жұмыстарын жүргізу арқылы көп жылдар қалыптасқан норма, модель және шарттарды өзгерту қажет;

В. Бір жасқа дейінгі балалардың 1/3 қатал тәрбиенің бір түрін, 2-4 жастағылардың 50%, 5-9-дағылардың 58% ұшырауда;

Г. Ересектердің 67% психологиялық және күшпен жазалауды қолданғанын айтады;

Д. Балалардың 62%-ден 79% дейіні отбасында ата-ана немесе тәрбиешіден зәбір көреді. Балалық кезде психологиялық, не күш қолданылған ұрпақ, есейгесін сол әдістерді өз балаларына қолдануға бейім яғни баланы зорлап тәрбиелеу ұрпақтан-ұрпаққа берілуде;

Е. 2018 жылдан облыстарда енген коммуникативті науқанның мақсаты бала тәрбиесінде қалыптасқан әлеуметтік теріс нормаларды өзгертіп, позитивті ата-ана тақырыбын дамыту. Эксперттердің ұстанымы бойынша тәртіп деген, ол жазалау емес. Нағыз тәртіп күшке сүйенбейді. Ол түсінісу, өзара сыйластық, шыдамдылық және екіжақты тиімді қарым-қатынасқа негізделеді. Баланы ұрып тәрбиелеу, - ол туындаған мәселелер мен қайшылықтарды шешудің тиімді жолы емес, керісінше теріс үлгі береді;

Ж. ЮНИСЕФ пен Ұлттық адам құқығын қорғау Орталығы жүргізген сауалнама 75%-ке жуық ересектер тәртіп сақтау мақсатында балаларға күш қолдануды қолдайтыны анықтады;

- Тәрбиеміздегі жоғарыда келтірілген кемшіліктердің орын алуына ана тіліміздегі «Қатын» (ханым, принцесса) деген сөзден бастап қазақтың 18 мың сөзінің мағынасы бұзылғаны да тікелей әсер етуде. Ана тіл –ол ұлттың коды, ойлау және дүниетанымдық жүйесі. Осы жүйенің бұзылуы ұлттық сананың қалыптасуын тежеп, ұлттық тәрбие, мораль, рух, намыс, мінез, өнер... жалпы мәдениет, не өркениеттің дамуына кедергі болуда. Бұл мәселелерді жүйелі шешу үшін:

А. Халқымыздағы аруақтар, ата-ана мен үлкенді сыйлау, имандылық, инабаттылық, бауырмалдық т.б. отбасы, оқу орындары және қоғамда жан-жақты уағыздау;

Ә. Қазақтың ұлттық санасы мен болмысы батырлар жырлары мен эпостары, күй мен айтысында, бүркітшілігі мен асауды құрықтау т.б. болғандықтан, осы салалар тәрбиенің өзегіне айналу керек. Онсыз берілген тәрбие жаһандану, космополитизм, діни экстремизм т.б. ұлттық сананы улайтын қойыртпақ. Мысалы, 1943 жылы Ұлы Отан соғысының жауапты кезінде елдің рухан көтеріп жауды жеңу үшін батырлар жырларын мектептер мен ЖОО бағдарламаларына кіргізіп, айтысты жандандырды. Себебі, ғасырлар бойы санада қалыптасып, ұлтты өрлік, ерлік, намысшылдық, аршылдық, асқақ рухқа тәрбиелейтін асыл қазынадан айырылған ел ана тілі мен жерінен және қасиетінен айырылып тобырға айналады. Сонымен қатар, отарлаушылар мен коммунистер ұлтсыздандыру саясатын іске асыру үшін енгізген жасанды данышпандардың орнына қазақ идеясын қалыптастырып Қазақ хандығының идеологиялық негізін салған XVғ. Асан қайғы, Қазтуғандардан бастап... «Зар заман» ақындары, Кенесары, Сыздық сұлтан т.б. рухтарын жандандыру тәуелсіз мемлекеттің негізгі идеологиясына айналу керек;

Б. Қырықтан астам елдегі әр қазақтың үйінен ұлтымыздың иісі аңқып тұру керек. Әр қазақ жалғызым! Қазақ «түбі бір түркінің» ұрпағы! «Қазақта мемлекет пен шегара болған жоқ», «Қытайдағы қазақтың мәселесі, ол сол елдің ішкі мәселесі» дегендер, ол есалаң, ел ішінде ұлтан болып жүруге жарамайтын құлдардың сөзі;

В. Отбасы, оқу орындары, қоғамда «қазақтың моральдық деңгейі орыстың мұжығынан төмен...» (Поляктың классигі А.Янушкевич керісінше, «қазақтың орташа табының моральдық деңгейі поляктардан жоғары» дейді), «қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ...» (әр елден келген қазақ жігіттерінің шетелде кездескенде өзара бірнеше жекпе-жектен бас тартуы барлық қазақ бір-бірін біртуған жалғызы санайтынын көрсетеді), «тірі қазақтың сөзден аманы жоқ, өлген қазақтың жаманы жоқ...», «қазақ еңбек етуден гөрі ел кезіп жүргенді жақсы көреді...» т.б. қаңғыбас кезбелердің, кәмөнестер қазақты аздыру идеологиясына айналдырған сөздерін қайталау, ол ұлтқа қарсы жұмыс жасап жатқанын түсінбейтіндер мен осындай надандарға дес берген тобырлар қоғамының тірлігі. Қасиетті кітаптарда, «халық деген Құдайдың бір аты» дейді. Адам, ол әулие бол ма, данышпан бола ма, - ол пенде, Құдайдың құлы! Оның Ұлтты яғни Құдайды жамандауға ешқандай құқығы жоқ. Ал, бұл жерде оны жамандатып қойған бабуиндар (большевиктер) және оны, осы кезге дейін Құранның сүресіндей қайталатып отырғандар, ол Қазақтың ел емес, ез болғанын армандайтын жауларының тірлігі. Осы қара сөздердің қазақша мағынасын түсінбегендер, орыс мектептеріне барып тыңдағанда, «дүниеде қазақтан асқан жексұрын халық жоқ екен» деп ойлайды. Абайдың өмірден түңіліп, қартайған кезде жазған қара сөздерінен осы заманға сай терең философиялық ой, ұлттық сананы оятатын психологиялық тұжырымдар мен қоғамды рухани жаңғыртатын тың бағытқа жауап іздеу, ол сопылық ойды яғни құмда су іздеп сағымды қуған жолаушының тірлігіне ұқсайды. Абай классикалық үлгідегі философ болмаса да, оны замандастары Шопенгауэр, Ницшелерден де жоғары қоятын әпенділер табылуда. Абайдың табиғат және махаббат лирикалары, жасөспірімдерге арналған «бес нәрседен асық бол...» т.б. өлеңдері оны классик ақын еткен құнды дүниелер. Ал, оның 45-50 өлеңі мен 45 қара сөз (барлығының көлемі бір томдай), 146 том классикалық туынды жазған Гетемен қалай салыстыруға болады?! Кезінде Еуропаның сыншы-мамандары Гетені Шиллер, Гейнелермен салыстып, одан ештеңе шықпайтынын түсінген. Ал, 15-60 жыл Абай туындыларын зерттеп, абайтанушы-ғалым атанып жүргендер кімдер? Олар, өмірде және ғылымда жолдары болмай жүргендер?! Егер түйсік болмаса Абайды немесе жалпы поэзияны түсіну жалпы мүмкін болмас...

Абай атамыздан халқына арналған, «Қайран елім, қазағым қалың жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың. Өздігіңнен түзелер дей алмаймын...» деп дәрменсіздіктен туған қайғылы шер. Мен де 40 жыл іздеп елдің рухын көтеретін басқалай ештеңе кездестірмедім.

Қазақ үшін бүгінгі күнгі Гамлеттің алдында тұрған мәселесі, ол елді Қытай экспансиясынан қорғау?! Бұл да Ұлы Отан соғысы кезіндегідей елге қауіп төнген жағдай. Өз елінің 3 млн азаматын концлагерлерге қамап жатқан айуандардан не күтуге болады?!

Тәуелсіз Қазақстанның тұтастығын сақтап қалу үшін барлық қазақ, түркілер тайлы тұяғы қалмай бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып елді қорғауға шығатын уақыт келді. Кешіксең, бір таңда бұл Қытайдың жеріне айналатыны ақиқат! Өз азаматтарының ішкі органдарын саудаға салып, концлагерлер ұйымдастырған бүгінгі қытай билігі Қазақстанды да ГУЛАГ-қа айналдырмамайтынына кім кепіл?! Ендігі ұйқы мен марғаулық өліммен тең!

Елдің рухын көтеру үшін ата-баба мұрасы эпос-дастандар, айтыс, күйлерді, жастардың намысын оятып, оларға рух беретін Қазтуған, Досмамбет, Шалкиіз, Қожаберген («Елім-ай»), Ақтамберді , Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Ә.Кердері, Мыржақып, Сұлтанмахмұт, Қасым, Жұбан... жырларын барлық отбасы, оқу орындары, әлеуметтік желілер, телеарна, газет-жорнал т.б. БАҚ арқылы кеңінен тарату керек! Сонда бұл елден келімсектер, қырғыздан кеткендей қуылады!  Елді қорғау әр қазақ, қазақстандықтың Отан, Құдай және болашақ ұрпақ алдындағы борышы! Бұл елдің тыныштығын бұзу деген мәселе емес. Керісінше ел тұтастығын, тыныштығын сақтап, болашағымыздың жарқын болуы үшін атқарылатын істер! Алладан, Қазақстанды бәле-жаладан сақтай гөр деп тілейік!

Жанұзақ Әкім Меңдешұлы

Abai.kz

15 пікір