Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3590 0 пікір 29 Тамыз, 2011 сағат 10:29

Атырау облысының әкімі орыс православ шіркеуінің орденімен марапатталды

Атырау. 27 тамыз. ҚазТАГ - Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев орыс православ шіркеуінің «Благодарность» орденімен марапатталды, деп хабарлайды сенбі күні облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл биік награданы аймақ басшысына Орал және Гурьев архиепископы Антоний Конституция күні мен православиеліктердің Успение Пресвятой Богородицы мерекесінің қарсаңында өткен жұма күні табыс етті.

«Православиелік христиандардың үлкен мерекелерінің бірі - «Успение Пресвятой Богородицы» жақындап қалды. Атыраудағы православшіркеуі Успенскийдеп аталады. Бүгін ол гүлденіп келеді. Атыраулық православиелік христиандар үшін қолдан келгеннің бәрі жасалып жатыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын шіркеудің жанындағы Никольский храмының есігі айқара ашылды. Ал шілде айында Индер ауданының тарихында алғаш рет әулие Николай Чудотворецтің құрметіне аталған ғибадатхана ашылып, дұға оқылды», - дейді архиепископ Антоний.

«Біз Атырау облысының басшылығына православиеліктерге көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтамыз», - деді ол.

Аймақ басшысына «Благодарность» орденімен бірге Астана және Қазақстан митропролиті Александрдың алғысхаты табыс етілді.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048