Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4381 2 пікір 11 Желтоқсан, 2019 сағат 12:39

Бір дәретханаға жылына 26 000$ кетеді екен

Жол бойындағы жаңа дәретханалар елдің аузында жүрген ең маңызды жаңалыққа айналды! Бұл осы тақырыптың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. «Қазжолдың» жол бойына 304 дәретхана салғызуға инвестор тапқаны қуантарлық қадам! Енді мынадай сұрақ туындайды, бұдан біз не ұтамыз? Мұндай дәретханаларды күтіп ұстау үшін ай сайын 700 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін (1775 доллардан 3550 долларға дейін) қаржы керек деп жазады. Орташа есеппен алсақ, бір дәретханаға 2 662$ кетеді екен. Ал мұны 304-ке көбейтсеңіз, жылына 9 710 976$ шығады.

Бұл аз ба, көп пе?
Өзіндік құнын есептеп көрейік:

1. Егер бір дәретханаға 23 млн. теңге көлемінде (58 000$) инвестиция алса (меніңше, 3-4 млн. теңгеге көп), онда мұндай нысандар 5 жыл ішінде немесе 20%-ы толығымен амортизациялануы тиіс. Яғни бір жылдық амортизация құны 58 000$ * 20%= 11 600$ болады.

2. Күзетші-тазалаушының айлық жалақысы 500$ яки жылына 6000$ болады.

3. Керек-жарақтарға (химиялық заттар, сабын, майлық, шүберектер) айына 200$ немесе жылына 2400$ кетеді.

4. Су жеткізу, электр энергиясы, техникалық қызмет және басқа да нәрселерге ай сайын 300$ немесе жылына 3600$ кетеді.

5. Қосалқы бөлшектер мен дәретхананы жөндеуге (бізде әбден вандализм жайлаған) ай сайын 200$ немесе жылына 2400$ кетеді.

Сонда бір дәретханаға жылына 26 000$ немесе 304 дәретханаға 7 904 000$ кетеді екен.

«Қазавтожолдың» 304 дәретхананы күтіп ұстауға жұмсайтын 9 710 976 долларынан өзіндік құны 7 904 000 долларды алып тастасақ, 1 806 000$ немесе салынған 17 632 000 доллардың 10,24%-ы пайда ретінде қалады.

Менің қорытындым:
Дәретхана құны. Біраз қымбаттау. Дегенмен бәрі комплектациясына байланысты. Күтіп ұстауға бөлінетін қаржы ақылға сыйымды.
Мен бұл мәселені егжей-тегжейлі зерттедім, Еуропаға барып қайттым. Дәретхана зауыттарын араладым. Өз ақшама серб дәретханасының жобасын сатып әкелдім, сосын пилоттық бір дәретхана салдық, бүкіл шығындарын есептедік. Кейбіреулер арзандау етіп жасай алатынын білемін, бірақ ол түкке татымайтын сапасыз дәретхана боп шыға ма деп қорқамын. Салушылар адалдық танытып, дәретханалар сапалы шығады деп үміттенемін.

Қосымша ақпарат:
Тендер ұтып алған компанияға да, «Қазавтожолға» да түк қатысым жоқ. Өз пікірімді айту арқылы қандай да бір қаржылық пайда көруді көздемеймін.

Марғұлан Сейсембайдың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445