Сенбі, 23 Қараша 2024
Біртуар 7404 82 пікір 12 Желтоқсан, 2019 сағат 12:56

Димаш Құдайберген - «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында ел Президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Сол қатарда аса дарынды әнші Димаш Құдайберген «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды. Қазақстан халқының ғана емес, бүкіл әлем әнсүйер қауымының сүйіктісіне айналған Димаш бұл атаққа әбден лайық.

Сонымен қатар, даңқты әншіге «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағы да берілді. Осылайша, күні кеше Нью-Йорк төрінде жеке концертін беріп, әлем халқын әнмен тербеген Димашты туған жері де төбесіне көтеріп жатыр.

«Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағы биыл төрт адамға бұйырыпты. Димаштан бөлек, бұл құрметті атақты философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздық, «Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Есімхан Құрманғазин иеленді.

Димаш Қанатұлы - әнші, сазгер. 2004 жылы А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжін тәмамдады. Қазақ ұлттық өнер университетінің эстрада-өнер кафедрасында оқып жатыр. 2010-2013 жылдары бірнеше вокалдық конкурстардың жеңімпазы атанды. Қазақстанда «Байқоңыр дауыстары», «Жас қанат», Украинадағы «Восточный базар», «Славянский базар» байқауының жеңімпазы. 2014 жылы «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2015 жылы «Жыл әншісі» болып, 2016 жылы «Эстрада әртісі» сыйлығын иеленді. 2017 жылы Қытайда өткен байқауда жүлделі орын алды.

Abai.kz

82 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475