Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3648 0 пікір 31 Тамыз, 2011 сағат 05:10

Айша Ғалымбайқызы. Астанаша оқулық саралау

Жаңа оқу жылы қарсаңында сәмсіреп жүріп, Астана қалалық Білім департаментінің қоғамнан оқшау жиылысына тап болдым. Оның болатынын оқулықтың соңына түсіп жүрген бір ата-ана айтқан. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар ма, форум ба, әйтеуір, бір жиын екен.

Пленарлық отырысы сондай жарқын сценарийге құрылыпты, пафостық баяндама дейсің бе, мадақтама үлестіру ме, бәрі орын алды. Сосын жұрт «ру-руға» бөлініп, секциялық отырыстарға жөнелді. Мен де лекпен бірге лықсыдым. Бір сынып бөлмесіне кілең айтулы бастауыш сынып ұстаздары жиналыпты. Мен солай деп сезіндім, себебі, бұқараға бұқадай оғаш көрініп жүрген оқулық мәселесін талқылайтын орта сондай болмағанда қандай болмақ?

Төрде отырысты жүргізіп, білім департаментінің бір қызметкері отыр. Неге екенін білмедім, ол күнәйнек көзілдірігін маңдайына тағып  алыпты. Онысы ерсі болғанымен, әлгіні жұрттан ерекшелеп тұрды: отырғандардың ішіндегі «мүйіздісі» сол сияқты көрінді. Кім біледі, биылғы бикелер сәні де маңдайға көзілдірік тағу болуы да мүмкін, тірліктен қолы босамайтын мен секілділерге ол жағы беймәлім ғой. Әйтеуір, қаламыздағы тәлім-тәрбиенің бас мекемесі саналатын департамент қызметшісі сондай «елегант», «сәнқой» көрінді... Бірақ сөзі мен отырысында, жиынды жүргізуінде тартымды ештеңе бола қоймады. Сондай оғаш, қылымсу мен өтірік бастықсу «иісі аңқып» тұрды, тойыс, маған солай көрінді. Қазақша сөйлегенде кейбір сөздер бұралқы тілдің ауылынан шығып, сумаңдай береді екен... Құдды, «Наша казаша» қойылымына бергісіз бе, қалай... Жә, біреуде нем бар, жай ғана балаларымызды тәрибелейтін мекеме болғасын, онда қандай мәдениетті, тәрбиелі, әдепті адамдар жүр екен деген пенделік ізденіс қой менікі.

Секция отырысы басталып кетті. Сөзді оқулық авторларына беріп жатыр. Авторлар да киім киісі мен сөздеріне қарағанда, қарапайым ұстаздықтан асып жығылатындай сықпыттары байқалмайды. Ақыл-ой деңгейлері - «темболейі». Әйтеуір, департамент өкілі соларды қорғаштап, біреу бірдеңе деп қояр ма екен деумен, бір біріне жамырасқан жануардай жараса қалыпты. Бір жағынан ол қылықтары айнала қамал орнатып отырғандай сезіледі... маған.

Авторлар сондай сөзуар халық екен. Бөлінген уақыттың тоқсан бес пайызы солардың ауызына «жұғым» болды. Алдын ала сараптама жасаған астаналық ұстаздарға сөз алу қытай қорғанын басып алудан қиын болды. Байқауымша да, сұрап білуімше де, сарапшылардың баяндамасын басқа ұрып тұрып, алдын ала тексеріп, «жіптіктейлеріне» ғана сөз бергенсіді. Әлдекімдер еркінсіп, сценариді бұзып, килігіп көріп еді. Оларды кезек пе кезек өкіл болып, автор болып, қарсы сұрақпен бұрышқа тықпалап, түрлі дидактикалық әдістермен ауыздықтап, ауыздан шығуға бейім сындарын пышыратып, дал-дұлын шығарып, жуып-шайып, сарапшысымақтарды сәттілікпен орындарына «жайғастырып» отырды. Сөйтіп, бастауыштың Математика, Қазақ тілі, Дүниетану секілді оқулықтары мұғалімдердің «қырағы» сынынан өткен болып есептелді, хаттамаға солай түскеніне сенім мол. Бірақ ертеңгі қазақтілді ұрпақтың қандай хал кешетініне кім жауап беретінін кім білсін?..

Ал, менің мұндай отырысқа ұрлана баруым бір түрлі әдепсіз көрінді...

Айша Ғалымбайқызы, сұғанақ ата-ана

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3232
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341