Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3431 0 пікір 31 Тамыз, 2011 сағат 05:51

Аманхан Әлімұлы. Түйсік тамшылары

 

***

Публистикалық мақаланы (прозаны) мен өзім жазамын, ал, өлеңді  (поэзияны) құлағыма әлде біреу сыбырлап тұрып жаздыратын сияқты.

***

Қазіргі жас ақындар түсініксіз, тұманды, бұлыңғыр, қолда да, көзде де, көңілде де, сана-сезімде де тұрақ таппайтын, сусыма, жөн-жосығы, себеп- салдары,  «адресі», туған топырағы  жоқ (тексіз) абстракциялық - космополиттік көңіл-күйдегі мұң-қайғыға беріліп өлең жазады. Олары жасанды жасқа суарылған жылаңқылық болып шығады. Оны өздерінше ізденіске санап, эксприментке бардым деп, поэзияны ғылымға айналдырғысы келеді. О, шіркіндер поэзия бізге емес, біз поэзияға, яғни, Алла берді табиғи құбылысқа бағынышты екенімізді қайдан білсін.

***

Маған ақын ретінде алдымен дыбыс келіп, дыбыстан ырғақ, ұйқас, бірін-бірі қуалай, өкшелей өрген сөз бен сөйлемдер қазақ тілінің, образды ойлау жүйесі мен музыкасының (ТОМ) құдіреттілігін көрсетеді. Мен әлдеқандай бір құдірет (Алла деп қабылдаңыз) арқылы бойыма да, сана-сезіміме де сіңген осы қасиеттерді қорытып, елеп-екшеп, жүректен өткізіп айтарымды айта алсам - Ақынмын. Қалғанының бәрі бос сөз.

***

 

***

Публистикалық мақаланы (прозаны) мен өзім жазамын, ал, өлеңді  (поэзияны) құлағыма әлде біреу сыбырлап тұрып жаздыратын сияқты.

***

Қазіргі жас ақындар түсініксіз, тұманды, бұлыңғыр, қолда да, көзде де, көңілде де, сана-сезімде де тұрақ таппайтын, сусыма, жөн-жосығы, себеп- салдары,  «адресі», туған топырағы  жоқ (тексіз) абстракциялық - космополиттік көңіл-күйдегі мұң-қайғыға беріліп өлең жазады. Олары жасанды жасқа суарылған жылаңқылық болып шығады. Оны өздерінше ізденіске санап, эксприментке бардым деп, поэзияны ғылымға айналдырғысы келеді. О, шіркіндер поэзия бізге емес, біз поэзияға, яғни, Алла берді табиғи құбылысқа бағынышты екенімізді қайдан білсін.

***

Маған ақын ретінде алдымен дыбыс келіп, дыбыстан ырғақ, ұйқас, бірін-бірі қуалай, өкшелей өрген сөз бен сөйлемдер қазақ тілінің, образды ойлау жүйесі мен музыкасының (ТОМ) құдіреттілігін көрсетеді. Мен әлдеқандай бір құдірет (Алла деп қабылдаңыз) арқылы бойыма да, сана-сезіміме де сіңген осы қасиеттерді қорытып, елеп-екшеп, жүректен өткізіп айтарымды айта алсам - Ақынмын. Қалғанының бәрі бос сөз.

***

Кеңес одағы социализмнің жауын аяма, оны қыр-жой, «Бізге жақ емес, біздің жауымыз» және «Таспен ұрғанды таспен ұр» деп үйретіп, ұлттық ұстаным-мораль болып келген, Иманға негізделген «Таспен ұрғанды аспен ұр» деген қадыр-қасиетімізді жоққа шығарса, ал, қазіргі  жабайы капитализм, яғни, нарық заманы «Ағайынды өкпеге қисаң да, өлімге қима» деген қағида-болмысымыздан айырды. Соның басты көрінісі - Алтынбек Сәрсенбаев пен Заманбек Нұрқаділов.

***

Біз Факті мен Идеяны ажырата алмаймыз. Идея - ұзақ жылдарға жоспарланатын, Факті - бүгінгі күн көрінісінің көрсеткішін байқататын құбылыс. Қазіргі ұлт ретінде ұтылып жатқан тұсымыз да сонда. Әлі күнге шәкірттік қадір-қасиеттен арыла алмай, өзгенің (Батыс пен Орыстың) Идеясы мен Фактісі көлеңкесінен шыға алмай келеміз.

***

Ақынды шабыты талай іздеп келді, өкінішке орай ол оны сау күйінде бірде-бір рет кездестіре алмады. Оны арақ жеңген еді. Бір кезде жап-жақсы жырлар жазып, ауызға ілінген о ақын, қазір сол бұрынғы мақтау-марапаттаудың екпінімен көштен қалмай, жалпы тізімнен түспей келеді. Әйтпесе, талантының таусылғаны қашшан, әзіргі кезде кәсіпқой ғана.

***

Поэзия - ақын жанының көңіл-күйінің көрінісі. Онда жалғандық, жасандылық болмауы тиіс.

***

Ақынды «сау» деген ақымақ.

***

Жас ақын көп. Бірақ, нағыз-нақты, қиял-ғажайыпсыз, тұман- түңіліссіз, мұнар-мұңсыз, өмірдің өзінен өрілген, натурализмнен ада, прозаизмге бой алдырмаған көркем поэзия қайда? Соған қарағанда, олардың көбісіне ақындық Алладан қонбаған-ау, сірә. Олай дейтінім, «қазақ ақын халық» дегеннен өріп, филологиялық білімін малданып жүріп, ақын атанып жүргендер бар.

***

Өлең жазбайтын, сезімтал жандардың арасында нағыз ақындар да баршылық. Мен соларға қызығамын. Олардың бақыты - өлең жазбай-ақ поэзияға үлес қосып, жоғары интеллектуалды оқырман болу арқылы өз ақындарын танып-біліп жүр емес пе?

 

***

 

Тіл, образ, музыканың (ТОМ) қосындысы - көркем поэзия.

***

Шынайы да, шыншыл, бойына ТОМ-ды сіңірген өлең - қуаныш толқыны мен тұман-мұнарсыз, күңгірт-көмескісіз нақты да, аяқталған, өмірдің өзінен өрген, натурализмнен ада мұң мен сағыныштың тұнығы.

 

***

 

Өлең жаза білу, нағыз ақындықтың басты белгісі емес. Оның көрінісі сапасыз жыр жинақтарының көптеп етек алуы. Оған мысалды әлі келтіремін.

***

Қазіргі қазақ қоғамының тәні (мемлекеттілігі) мен жаны (ұлтшылдығы) дімкәс. Ол әзірше реанимацияға түсе қойған жоқ, бірақ о дімкәстік осылай созыла берсе, ол өмір мен өлімнің арасында көп жатып қалуы бек мүмкін. Бұл жақсылық емес.

***

Ұлт - мемлекетінің, мемлекет - ұлтының қамын ойламаса қасірет. Онда тән де ( мемлекет), жан да ( ұлт ) өледі.

***

Жеке меншік - қасиетті де, қастерлі ұғым-түсінік. Ол философиялық категория. Ол адамның емес, Алланың еншісіндегі құбылыс, әрі құндылық пен мүлік. Яғни, оның негізі заңдылықта жатыр. Заңды нәрсені аз ғана топтың бөліп-жарып алып, өз меншіктеріне  айналдыруы - заңсыздық. Яғни, қылмыс.

***

Мен қалыпты, қалыптағы (стандарт) адамнан қорқамын. Чеховша айтқанда ол - «Человек футляре». Оның қан қысымы да көтеріліп, түсіп тұрмайды. Жан-жүрегіндегі сезіну тамырлары да өліп қалған.  Ол өзгенің сұқ саусағының ұшында жүреді.

***

1918 жылы Ленин декретімен Дін мемлекеттен бөлінді. Оған дейінгі мемлекеттің қай-қайсысы болмасын ( Патшалық та, Хандық та, Каролдық та т. б.) дінді басты тірегі санайтын. Құдайды танудың басты шарты - Иман. Оның жердегі мекен-жайы - Мешіт,  Идеясы - Алланың мәңгілікке көрсетіп берген жолы. Осы екеуінен қол үзген мемлекет те, қоғам да күйрейді. Достаевскийдің Құдай жоқ болса, социализнің өмір сүруі заңдылық, ал, Алланың барлығы рас болса, онда социализм жалған қоғам дегенге саятын пікір-тұжырымының ақиқаттығы ( шындық емес) сонда. Социализм күйреді. Ойланатын жағдай емес пе?

***

Өркениет ақыл-ойдың жемісі, мәдениет - табиғилықтан өрген киелі (діни) ұғым. Есек арбадан бастап, көкке ұшуға дейінгі аралық өркениеттің жемісі. Зәулім-зәулім үй-жайлар салып, оның ішінде компьютер ойнап, теледидар көріп отыру да соған саяды. Олардың (және сол сияқтылардың) мәдениетке еш қатысы жоқ. Ал, жерде жатқан нанды аяқ асты етпей,  ерінбей көтеріп алып, биікке (сол сияқты басқа да қадыр-қасиеттер) қою мәдениет. Міне, бізге қазір сол жетпейді. Театрға барып, мейрамханадан тамақ ішу де мәдениетке жатпайды. Ондай орын-жайлары жоқ ауылда өмір сүріп, табиғатпен қоян-қолтық араласып жүріп-ақ, мәдениетті болуға болады.

***

Жастар біздің болашағымыз, барымыз. Біз оларға сенетінімізді айтып, ант-су да ішеміз. Сөйте тұра, оларға қарсы рухани-мәдени соғыс ашамыз. Соның бір-ақ көрінісі, қазіргі қазақ қоғамындағы діни жағдайымыздың ала- құлалығы. Оның арты жастарымызды оққа байлап, мылтықсыз майдан өтінде қалдырып, сатқындық жасауға ұласуда. Оның басы-қасында өзін зиялы (интелигент) санайтындар тұр. Ал, қалғандарымыз қауқарсыздық танытудамыз. Өкінішті-ақ.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354