Екі жыл бұрын Ресей мен Сирия Тартус порты 49 жыл бойы ресейлік әскери-теңізі флотының қарамағында болатыны жөнінде келісімге келген.
Биыл қыркүйек айында портта тағы бір орталық ашылған. Модернизациялау жұмыстары жүргізілгеннен кейін Тартусқа тағы 11 кеме сиятын болады.
12 желтоқсанда АҚШ Сенатының сыртқы істер комитеті Сириядағы әрекеттеріне байланысты Ресейге қарсы енгізген санкцияларды күшейту туралы заң жобасын мақұлдаған. Оған сәйкес, "Сирияға әдейі қару-жарақ жеткізіп, Сирия үкіметіне қаржылық, материалдық және технологиялық қолдау көрсетіп жатқандығы" анықталған ресейлік компаниялар мен азаматтарға қарсы санкциялар енгізілген.
Заң жобасы күшіне ену үшін оны АҚШ Конгрессінің екі палатасы мақұлдап, президент Дональд Трамп қол қоюуы керек.
Abai.kz