"Шекарасыз тілшілер" халықаралық ұйымның баяндамасына сәйкес, қамаудағы журналистердің саны бойынша Қытай (130), Египет (36) және Сауд Арабия (32) елдері алдыда. Ресейде алты журналист түрмеде отыр.
Жыл басынан бері әлемде 49 журналист өлтірілген. Бұл былтырғыға қарағанда екі есеге аз. Олардың біраз бөлігі жанжал болып жатқан аймақтарда құрбан болған.
Бұдан бөлек 57 БАҚ өкілі ұрланған. Олардың біреуі Украинада, қалғаны - Сирия, Йемен және Иракта. Қазір олардың көбі із-түссіз жоғалған деп есептеледі.
Баяндамаға сәйкес 2019 жылы журналистер үшін ең қауіпті өлкелер Мексика, Сирия, Ауғанстан, Пәкістан және Сомали болған.
Abai.kz