Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6033 0 пікір 31 Тамыз, 2011 сағат 06:36

Тұрсын Жұртбай. «Ұраным – Алаш!..». (жалғасы)

2.

 

Анкеталық дерек: Елдес Омаров 1892 жылы туған, туған жерi - Қостанай округінің Тобол болысы, тұрған жерi - Ташкент, қазақ, Торғайдағы ІІ кластық орыс-қазақ мектебiн (училище) үздiк бiтiрген. Ақпан төңкерiсiне дейiн мұғалiмдiк еткен және окрукгтiк сотта тәржiмашы болған, «Алашордада» қызмет iстеген, Ташкенттегi Қазақ педагогикалық оқу орынының ұстазы, бiлiмi - орташа, бойдақ. Саяси көзқарасы - ұлтшыл, «Алаш» партиясының мүшесi, «Алашорданың» оқу комиссиясының мүшесi, «Алашорданың» Қостанайдағы қазақ полкiнiң саяси жетекшiсi болған.

Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтың сенімді әрi ең жақын серiгi. Педагог, публицист, аудармашы, лингвист. Мақалаларын қазақ, орыс тiлдерiнде жазған. «О сочетании казахской звуки», «Ахмет Байтурсунов - ученый - лингвист» атты мақалалардың, «Қазақ тiлiнiң жаттығулар жинағының», сондай-ақ орта мектепке арналған геометрия, физика оқулықтарының авторы. Заман ағымы, зәру мәселе, халық басындағы мұң, мектеп, оқу жайы жөнiнде және әр түрлi ғылыми кiтаптарға рецензиялар жазған.

«Қазан айының 13 күнi, 1927 жыл, жауап алған Логачев.

2.

 

Анкеталық дерек: Елдес Омаров 1892 жылы туған, туған жерi - Қостанай округінің Тобол болысы, тұрған жерi - Ташкент, қазақ, Торғайдағы ІІ кластық орыс-қазақ мектебiн (училище) үздiк бiтiрген. Ақпан төңкерiсiне дейiн мұғалiмдiк еткен және окрукгтiк сотта тәржiмашы болған, «Алашордада» қызмет iстеген, Ташкенттегi Қазақ педагогикалық оқу орынының ұстазы, бiлiмi - орташа, бойдақ. Саяси көзқарасы - ұлтшыл, «Алаш» партиясының мүшесi, «Алашорданың» оқу комиссиясының мүшесi, «Алашорданың» Қостанайдағы қазақ полкiнiң саяси жетекшiсi болған.

Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтың сенімді әрi ең жақын серiгi. Педагог, публицист, аудармашы, лингвист. Мақалаларын қазақ, орыс тiлдерiнде жазған. «О сочетании казахской звуки», «Ахмет Байтурсунов - ученый - лингвист» атты мақалалардың, «Қазақ тiлiнiң жаттығулар жинағының», сондай-ақ орта мектепке арналған геометрия, физика оқулықтарының авторы. Заман ағымы, зәру мәселе, халық басындағы мұң, мектеп, оқу жайы жөнiнде және әр түрлi ғылыми кiтаптарға рецензиялар жазған.

«Қазан айының 13 күнi, 1927 жыл, жауап алған Логачев.

„...1927 жылы шiлде айының 15 күнi, мен - Омаров, қазақ оқу-ағарту комиссариатының тапсыруымен өлкелiк музейдiң шаруасымен Орынборға бардым. Орынборда мен заң комиссариатының мүшесi Сейдазым Қадырбаевпен жолықтым. Ол: Орынбор уезiндегi Бөртi ауданында демалып қайту туралы ұсынысымды Әлихан Бөкейханов қостамады, маған хат арқылы бас тартып, жауап жазды, - дедi. Бөкейхановтың Қадырбаевқа жазған хатын өз көзiммен оқыдым. Маған - Омаровқа, Мәскеудегi ГПУ-дiң тергеу жүргiзуiне байланысты Әлихан Бөкейхановқа Қазақстанның шекарасына кiруге рұқсат етiлмейтiнi туралы хабар таныс болатын, оны Қызылорда да естiгенмiн. Мен Орынборда жүрiп, Әлихан Бөкейхановты бұрынғы Челябi уезiне қарасты Златоусть округiнiң Бозан хуторына демалып қайтуға шақырдым. Бозан хуторында отыздан астам қазақ үйi тұратын, оның барлығын бала кезiмнен бiлетiнмiн. Егерде Бозан хуторына демалуға келiсiм берген жағдайда, маған Қызылордаға жеделхатпен хабар берiңiз деп Бөкейхановқа өтiнiш еттiм. Орынбордан Қызылордаға қайтып келгеннен кейiн оқу ағарту комиссариаты арқылы Бөкейхановтан мен айтқан жерге демалуға келiсiм бергенi туралы жеделхат алдым. Екi күннен кейiн Златоусть округiнiң Бозан хуторына жүрiп кеттiм, 1 тамыз күнi сонда келдiм. Бөкейханов әлi келмептi. Келесi күнi Қостанай округiнде демалып жүрген Нұрымов Ғаббас маған келдi. Оған осында келу туралы жеделхат жолдаған екен. 11 немесе 12 тамыз күнi Әлихан Бөкейханов келдi. Алғашында ол 2 тамыз күнi келемiн деген болатын, кейiннен 8 тамызға дейiн кешiгетiнi туралы жеделхат жолдады, соңынан 9 тамыз күнi Мәскеуден шыққанын хабарлады. Бөкейханов, Омаров, Нұрымов үшеумiз бiрге болған кезде, бiрiншi аталған адам бiзге жерге орналастырудың барысы туралы мағлұмат бердi. Ол бiзге өзiнiң ертерек келе алмағандығының себебiн айтты.

Сөйтсек: жер жөнiндегi халық комиссариатының жұмыс комиссиясы - бұдан Қазақстандағы жер бөлiсiнiң мөлшерiн анықтайтын комиссияның жобасын талқылауға қатысу үшiн мұның Мәскеуде қала тұруын өтiнiптi. «Мәскеуде аялдай тұрыңыз», - деп Бөкейхановқа кiм өтiнiш бiлдiрдi, онда қандай өкiлдiкпен қатысты, ол жағын Бөкейханов маған айтқан жоқ. Ең әуелi РСФСР-дiң Жер жөнiндегi комиссариатының жер бөлiсi туралы шешiмi оқылыпты, оны сол Жер жөнiндегi халық комиссариатының бiр қызметкерi баяндап берiптi. Олар бекiткен жер бөлу мөлшерi негiзсiз деп табылып, қабылданбай тасталыпты. Бұл жер бөлу мөлшерiн қорғап сөйлегендер, аты есiмде қалмапты, профессор Верещагин дегеннiң беделiне сүйенiптi. Жер бөлудiң бұл мөлшерiне Бөкейханов қарсы сөйлептi, ол: бұлардың сүйенiп, қорғап отырған беделдi профессоры патшаның тұсында келiмсектер басқармасында iстегенiн, онда орыс дворяндарының мүддесiн қорғағандығын әшкерелептi. Бұл профессорыңыз 1913 не 1914 жылы Мемлекеттiк думаның төрағасы Варун (? - анық танылмады - Т.Ж.) мырза арқылы Торғай мен Қостанай уезiнiң аралығындағы жердi қаратып алу туралы жарлық шығартты», - дептi.

Өзiнiң сөзiнде профессор Верещагин жер туралы мәселенiң тонын терiс айналдырып: «Тула губерниясының мұжықтары жерiнiң аздығынан және жерiнiң жоқтығынан қасiрет шегiп отыр. Ал оның есесiне Қазақстандағы бос жатқан жерде есеп жоқ», - деген көрiнедi. Бөкейханов оның уәжiне қарсы сөйлеп: «Бұл профессор бұрын ғой орыс помещиктерiнiң мүддесiн көздеп қазақтардың жерiн тартып алып, оны орыс помещиктерiне берiп едi. Егерде Тула мұжықтарына жер керек болса, онда бiз қазақтар, мына сияқты профессордың көмегiнсiз-ақ, олардың өзiмен тiкелей сөйлесемiз», - дептi.

Бөкейхановтың пiкiрi бойынша, РСФСР-дiң Жер комиссариатының кесiмi бойынша жер кесiмi әдейi аз мөлшерде белгiленiптi, сөйтiп Қазақстанда басы артық жер бар дегендi дәлелдемек болыпты. Бөкейханов:

„Бұл кесiм - болашақта Қазақстанды отарлау үшiн пайдалануға жол ашады", - деп есептейдi.

Бұл - қазақ халқының мүддесiне қарсы бағытталған әрекет. Бұл мәселенi қозғап отырғандар РСФСР-дiң Жер комиссариатының маңына топтасқан орыс мамандары. Егерде орыс мамандарының ықпалымен жасалған жер келiсiмi жөнiндегi жоспарды РСФСР-дiң Жер комиссариаты өмiрге енгiзетiн болса, онда бұл Қазақстанға қаратыла отарлау саясатын жүргiзу болып табылады. Осылай деп күйiнген Бөкейханов:

«РСФСР-дiң Жер комиссариатының дәл қазiргi орыс мамандарының жетегiнде кеткендiгi өте қауiптi саясат, олар бұрынғы отарлаушылар болатын, бұл бағыт Қазақстанның сөзсiз отарлануына алып келедi», - дедi.

Отаршылдықпен күресудiң қандай бiр әдiс-тәсiлiн Бөкейханов маған да, Нұрымовқа да айтқан жоқ. Ол: профессор Швецов белгiлеген Қазақстанның жер жөнiндегi комиссариатының жер кесiмi мөлшерi бекiтiлуi керек, РСФСР-дiң комиссариатындағы орыс мамандарының әрекетiне қарсы қолданылатын бірден-бiр саясат сол, - дедi.

Бөкейхановтың пiкiрi бойынша, Қазақстанда басы артық жер жоқ. Бұл пiкiрдi, мен - Омаров та, қостаймын.

Мен - Омаров, Қостанайға қайтып келгеннен кейiн, Қостанай округтiк жер басқармасының бастығы Көшербаевтан Швецов белгiлеген қазақ жер комиссариатының жер кесiмi туралы ұсынысын белгiсiз себептермен Мәскеудiң бекiтпегенiн естiдiм.

Мен - Омаров, қазақ халқының өмiр сүру тәсiлiне байланысты жердi пайдалануға таптық принцип тұрғысынан қарауды мүлдем қисынсыз деп есептеймiн (ІІ том, 63-бет). Өзiнiң шыққан әлеуметтiк-таптық тегiне қарамастан, қазақ халқының барлық түтін иесі өз жерiн емiн-еркiн пайдалануы тиiс. Әрине, жер ең алдымен кедейлерге бөлiнiп берiлуi керек дегендi қостаймын. Кедейлерге жер бөлiнiп берiлген соң солармен тең дәрежеде және бiрдей мөлшерде бай қазақтарды да жермен қамтамсыз ету қажет. Жердi түтiн санына қарап емес, жан басына қарай бөлiп берсе, әдiл болар едi деп ойлаймын.

Хаттама маған таныстырылды және менiң айтқан сөздерiм дұрыс жазылды, сол үшiн қолымды қойдым - Омаров (қолы).

Тергеу жүргiзген - Л. Логачев».

«Алашорда» көсемдерiнiң арасындағы «сүйкiмдi серi» атанған Елдес Омаровтың ерiксiз жазылған жоғарыдағы „естелігі" Әлихан Нұрмұхамедұлының көзқарасы мен жан дүниесiн тереңiрек түсiнуге мүмкiндiк бередi. Сондай-ақ дүлейлi дауылдың алдындағы қатерлi кезеңде де өз араларындағы құрмет пен сыйласымдылықтың жойылмағанын, қайта қадiрi арта түскенiн аңдатады. «Өзiнiң шыққан әлеуметтiк-таптық тегiне қарамастан, қазақ халқының барлық түтiн иесi өз жерiн емiн-еркiн пайдалануы тиiс»,- деген талаптың түпкi астарында: қазақ жерi - қазақтардың ұлттық меншiгi деген үлкен мағына бар едi.

Бұл ретте қазақ азаматтары бiр пiкiрде болды. Жалау Мыңбаев, Нығымет Нұрмақов, Кәрiм Тоқтабаев, Смағұл Сәдуақасов, Сұлтанбек Қожанов iспеттi үкiмет басында отырған қайраткерлер толықтай Әлихан Бөкейхановтың пiкiрiн қостады. Iштей қостап қана қоймай, мемлекеттiк ресми дәрежеде ат салысты, қайрат көрсеттi. Олардың түпкiлiктi пiкiрi Елдес Омаровтың мына куәлігінен анық байқалады. Онда:

«Қазақстанда ешқандай басы артық жер жоқ, сондықтан да елiмiздiң еуропалық бөлiгіндегi губернияларынан қоныстанушыларды көшiрiп әкелу туралы әңгiме болуы мүмкiн емес. Төңкерiске дейiн де, төңкерiстен кейiн де Қазақстанға қоныстанған орыс тұрғындары жергiлiктi халыққа жер бөлiнiп берiлгеннен кейiн, оның ыңғайына қарап, ең соңынан барып жерге орналастырылуы керек. Егерде жергiлiктi қазақ халқының талабын қанағаттандыру үшiн қажет болса, онда орыс тұрғындарын Қазақстаннан көшiрiп жiберу қажет.

Өзбек пен Түрiкмен республикасы СССР-дiң құрамына кiрген жағдайда ғана Қазақстан СССР-дiң құрамына өз еркiмен ғана қосылуы тиiс және қазақ республикасының маңызын сақтап қалу керек. Менiң ойымша, қазақтың мүддесi тұрғысынан алғанда барлық қазақ коммунистерi тура бiздер - ұлтшылдар сияқты ойлайды деп сенемiн. Мәселен: Қазақстандағы Жерге қоныстандыру саясаты туралы мәселе жөнiндегi бiздiң - ұлтшылдардың пiкiрiн қазақ коммунистерi толықтай қостайды. Олардың нақты атын айтып, тiзiмдеп бере алмаймын, тек жалпылама топшылауым солай. Айтпақшы, мен - Омаров, жер бөлiсi жөнiнде халық комиссары Тоқтыбаев Кәрiммен сөйлестiм, сонда ол: Швецов жасаған жер бөлу жоспарын Мәскеу бекiтпедi, сондықтан да Қазақстанның коммунистерi, оның iшiнде мен де бұл ұсынысты бекiтуге күш салуымыз керек, - дедi», - деп жазылған.

Елдес Омаровтың 1927 жылғы 20 қазан күнгi, яғни Әлихан Бөкейхановпен бiрге демалып, Қызылордаға қайтып оралғаннан кейiнгi жүргiзiлген тергеу iсiндегi жауабында сол тұстағы қазақ зиялыларының арасындағы саяси қарым-қатынас қысқа әрi түсiнiктi баяндалған. Бұл кез - Смағұл Сәдуақасовтың Голощекинмен ашық майданға шығып, тура шабуылға көшкен кезi-тiн. Ұлттық бағыттағы қайраткерлердiң жiк арасын Елдес Омаров өз көзқарасы арқылы былай сипаттайды:

«Қазақ коммунистерiнiң арасында екi топтың барлығы маған белгiлi. Олардың бiреуiне - Сәдуақасов Смағұл, бұрынғы Жер жөнiндегi комиссар Сұлтанбеков, Мыңбаев және Жандосов тағы басқалар басшылық етедi. Екiншi топтың жетекшiлерi: Халық комиссарлар кеңесiнiң төрағасы Нұрмақов, Тоқтыбаев Кәрiм, Тоғжанов тағы басқалары. Бiрiншi топ - ұлтшылдардың қатарына жатады, екiншiсi де бiрiншiден пәлендей айырмасы жоқ. Аталған екi топтың арасындағы алауыздық тек мәнсап бөлiсуден және жеке бастарының араздығынан туындаса керек. Өйткенi қазақ халқының мүддесiн қорғау кезiнде, мысалы жерге орналастыру мәселесi жөнiндегi тартыс кезiнде екi топ та бiрiгiп кеттi. Қазақтың партияда жоқ зиялылары ана топқа да, мына топқа да iш тартады. Мәселен, мен - Омаров, Сәдуақасовтың тобын жақтаймын. Ал Ғаббасов Халел мен Ермеков Әлiмқан Нұрмақовты қостайды. Менiң ойымша, қазақ қызметкерлерiнiң арасындағы жiкшiлдiк - тек партиялық тәртіп тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының мүддесi тұрғысынан алғанда да үлкен зиян келтiредi. Топтасу өшпендiлiктi туғызады, күштi ыдыратады. Ал ауылдағы таптық жiктеуге келсек, оны мен - Омаров, дәл қазiргi уақытта мойындаймын және оған оң көзбен қараймын. Таптық тартыс, әсіресе, шабындық пен егiндiк жердi бөлiскенде айқын байқалады. «Алашордашылар», оның iшiнде мен - Омаров, қазақ халқының таптық жiктелуiне қарсы болдық. Себебi бiз: қазақ халқының көпшiлiк бөлiгi - байларға байлаулы болғандықтан да, онымен ашық күресе алмайды, байдың ықпалындағы кедей өзiнiң үкiмiн ауқаттыларға қарсы жүргiзе алмайды деп ойладық», - деп түсiнiктеме бердi.

Елдес Омаровтың жауабындағы айтылған жайлар тiмiскi тергеушiлерге берiлген қарабайыр түсiнiктеменiң қатарына жатпайды. Бұл - саяси көзқарастың тұжырымы. Голощекиннiң арандатушы әрекетiне саналы түрде қарсы шыққан қайраткерлердiң iс-қимыл бағдарламасы. Елдес Омаров олардың аты-жөнiн айту арқылы тергеушiлерге «жем» тауып берiп отырған жоқ. Өйткені аты аталған қайраткерлердің саяси бағыт-бағдары анық, өз пiкiрлерiн түрлi мемлекеттiк және партиялық жиналыстарда ашық айтып, еркiн талқылауға ұсынған күрескерлер болатын.

Тергеу ісіне жеке басқа қатысты хаттарда тіркелген және ол хат пен оны тапсырушы адам туралы тәптіштеп тұрып түсінік алған.

«15 қазан. 1927 жыл. Қызылорда.

Қосымша тергеу кезінде азамат Елдес Омаров мынаны айтты:

12 қазан күні менің үйімді тінту кезінде алынған және қазір маған көрсетіліп отырған, соңына "Эльза" деп қол қойылған бұл хатты - Қызылордадағы Қаражат халық комиссариатының қызметкері Александр Александрович Вертаның әйелі Эльза Адамовна Верта маған - Омаровқа арнап жазған. Эльза Адамовна Вертаның хатын менің тікелей өзіме - 1927 жылдың шілде айының орта кезінде, Жер жөніндегі қазақ халық комиссары Жағыпар Сұлтанбеков Қызылордадан Мәскеуге бара жатқан сапарында маған табыс етті. Мен Сұлтанбековті Орынбор қаласының вокзалында күтіп алдым. Өзінің жолға шыққаны туралы маған жедел хат арқылы хабарлаған еді. Мен, Омаров, мынаны мәлімдеймін, мен Қызылорда да жүрген кезімде Мәскеуге бірге барамыз деп Сұлтанбековпен келіскеміз. Мен, Омаров, Мәскеуге көңіл көтеру үшін және керекті зат сатып алу үшін бармақшы едім. Эльза Адамовна Верта Сұлтанбековті сол жылдың наурыз не көкек айында менің пәтерімде, мен - Омаров, таныстырған едім. Ол кезде Эльза Адамовна екеуіміз Ташкент қаласындағы менің пәтерімде бірге тұратынбыз. Ал Эльза Адамовнамен 1921 жылдан бері таныспын", - деп көрсетті.

Бұдан кейін өзінің Жағыпар Сұлтанбековпен бұрын Қостанайда Өлкелік Жер басқармасында бірге істегенін, екеуінің сол кезде танысқанын баяндайды. Сұрақ-жауаптың бәрі Жер мәселесі жөнінде өрбіген. Одан әрі қарай қайтадан әлгі хаттың жайына ауысады. Себебі, хаттың ішіндегі арифметикалық формуланың өзі тергеушілерге шпиондық шифр ретінде көрінген:

"Мен онымен 1927 жылы Қызылордада қалалық бақшада кездесіп қалдым, содан кейін мен - Омаров, Сұлтанбековпен бірге шайханада тамақтандық. Біздің жанымызда, Жер жөніндегі халық комиссариатының бұрынғы комиссары, Жетісу губерниясының төрағасы Әлімбеков, Ішкі істер халық комиссариатының бұрынғы (комиссары-?) Есқараев, Сауда жөніндегі халық комиссариатының комиссия мүшесі Төлепов Мирасбек, тағы да басқа адамдар болды, оларды ұмытып қалыппын. Сұлтанбековпен екінші рет тағы да бақшада, кешке жақын тамақтанып отырған кезде кездестім. Біз бастапқыда - Омаров, Міржақып Дулатов және Халел Ғаббасов үшеуіміз тамақтанып отырғамыз, оған кейіннен Сұлтанбеков пен Ақаев Серікбай қосылды. Сол отырыста Сұлтанбековпен келісіп, Мәскеуге бірге барайық, сен шығарыңда маған Орынборға жедалхат сал деп уағдаластық. Эльза Адамовна Верта, тек мен - Омаров арқылы танысқан менің мынадай жақсы достарымды: Дулатов Міржақыпты, Нұрымов Ғаббасты, Шонанов Телжанды, Қадырбаев Сейдазымды, Байтұрсынов Ахметті, Ермеков Әлімханды, Жүргенов Темірбекті, Жолдыбаев Молдағалиды, Қадырбаев Әбдірахманды, Ташкенттегі Қазақ мұғалімдер институтының үлгілі оқу мектебінің оқу бөлімінің меңгерушісі Юсупов Ахамет-Сафаны, Орта Азия Мемлекеттік универсиетінің Шығыс факультетінің доценті Файзолла Ғалымжановты және Ташкенттегі Қазақ Мұғалімдер институтының оқу бөлімінің меңгерушісі Михайл Сменинді біледі.

1927 жылы маусым (июнь) айының соңында, мен - Омаров, Ташкенттен Қызылордаға кетіп бара жатқан Эльза Адамовна арқылы Міржақып Дулатовқа хат беріп жібергем, онда мен математикалық формулалардың белгіленуі жөніндегі мәселе туралы Ахмет Байтұрсыновпен сөйлесіп бер деп өтініш еттім. Ол хатты Эльза Адамовна өз қолымен табыс етті ме, жоқ па, оны анық білмеймін (Әлгі тергеушілердің шифр деп жүргені осы - Т.Ж.). Әйтеуір Дулатов хатты алғаны рас. Байтұрсыновты мен кейін вокзалда кездестірдім. Мен келген поезбен Кавказға, демалуға кетіп бара жатыр екен. Байтұрсыновпен мен тек қана математикалық формуланың атауы жөнінде ғана сөйлесіп үлгердім. Бөкейханов Әлихан Мәскеуге Шығыс Халықтарының Орталық баспасында істейді, қандай қызметте екенін анық айта алмаймын. 1927 жылдың тамыз не қыркүйек айына дейін онымен бірге Мәскеу қаласында өзінің қызы, бұрынғы Оқу-ағарту комиссары Сұмағұл Сәдуақасовтың әйелі - Елизовета (қазақша аты - Ләйлә) Әлиханқызы бірге тұрды. Қызы қазір дәрігерлік факульетті бітіргеннен кейін күйеуі Сәдуақасовтың тұрақты жұмыс орыны орналасқан Ташкент қаласында тұрады, ол кеткеннен соң Бөкейханов Әлиханның жағдайы болыңқырамай жүдеп кетті, әсіресе, ас әзірлеу жағынан күйзеліңкіреп кетті.

Мен - Омаров, өзімнің Қызылордадағы таныстарым арқылы, оның ішінде Жер жөніндегі комиссар Сұлтанбеков, Халел Ғаббасов, Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы Нұрмақов пен Оқу-ағарту комиссары Тоқтыбаев арқылы Бөкейхановты Қызылорда қаласына ауыстырып алып, Жер жөніндегі комиссариатқа, не Мемлекеттік жоспарлау мекемесіне, немесе Қазақстанның Есептеу Орталығы басқармасына тұрақты қызметке орналастыруды ойластырдым. Менің тұтқынға алынуыма байланысты Оқу-ағарту комиссары Тоқтыбаевтан басқа жоғарыдағы аты аталғандардың ешқайсысымен сөйлесудің реті келмеді. Соңғы адаммен осы жылдың қазан айында (Тоқтыбаевпен - Т.Ж.) мен Қостанайдан Ташкентке қайтып бара жатқан жолымда жолықтым. Тоқтыбаев Бөкейхановтың Қызылордаға ауысуына көмектесуге уәде берді. Менің айтарым, бұл жөнінде мен - Омаров, Бөкейхановпен арнайы сөйлескемін жоқ, сондықтан оның қандай пікірде екенін білмеймін.

Менің жауабым өзіме оқып берілді және сөздерім дұрыс жазылған.

Елдес Омаров (Қолы)

Тергеуші - Логачев».

Мұнда ерекше назарға алынғаны: а). Бөкейхановты Қазақстанға шақыртуға ниет білдіруі - алаш қайраткерлерінің басын бір жерге қосып, астыртын ұйым құруға ұмтылыс ретінде бағаланған. ә). Арифметика мен физика пәндерінің терминдерінің авторы Е.Омаровтың А.Байтұрсыновтан кеңес алу үшін ұсынған математикалық формулалары - «шифрлы жазу» деп қарастырылған. Зады Міржақыпқа жолданған хатты тапсырған Эльза Адамовна Верта оны біреуге көрсеткен сияқты.

Жалғасы бар

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036