Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5537 0 пікір 31 Тамыз, 2011 сағат 09:29

Байжан Дубай. Атыс Атырауға ауысты

Екінші суретте - Атырау облысының прокуроры Сейфулла Кемалов

Ақтөбеде бүлік шығарған бұзақылардың ізін ала Атырауда да дүмше дінбұзарлар құқық қорғаушылармен қақтығысып қалды. Бізге жеткен мәліметтерге сүйенсек, оқиға 29 тамыз күні Атырау шағын ауданында болған. Әсіредіншіл содырларды, яғни дүмше дінбұзарларды ұстау кезінде әлгілер арнайы жасақ тобына қатты қарсылық көрсеткен. Олардың біреуі оқиға орынында оққа ұшып, 18 адам тұтқынға алынған. Қазір  дүмше дінбұзарлардың  алтауын түрмеге жабу туралы соттың шешімі де шыққан көрінеді.

Бұл ақпаратты облыстық прокурордың аға көмекшісі Светлана Жұмашева растай келіп: «Бүгін  - Атырауда және Қазақстанның өзге де қалаларында террорлық әрекет жасамақ болған экстримистік-терроршыл топтың бір өкілі Атырау қаласында құқық қорғау қызметкерлерімен болған қақтығыста қаза тапты. Тергеу жүргізіліп жатыр», деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, Атырау облысының прокуроры Сейфулла Кемалов оқиғаға қатысты 18 адам ұсталып, оның 6-ын тұтқындау жөніндегі сот шешімі шыққанын әрі ҚР Қылмыстық кодекісінің 233-нші бабы - «Терроризм» бабымен бірқатар қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

- Оқиға орнын тінту кезінде қолдан жасалған жарылғыш зат және діни әдебиеттер табылды. Дәл қазіргі уақытта облыс халқының алаңдауына еш негіз жоқ. Барлық мекемелер қалыпты жұмыстарын жалғастыруда, - дейді Атырау облысының прокуроры Сейфулла Кемалов

Негізі оларды тұтқындау туралы шешім ел ішін кернеп кеткен үрейлі әңгімеден туындаған секілді. Шұбарши мен Кеңқияқ (Ақтөбе облысы) оқиғасына қарай кек аламыз деп мәлімет таратқан әсіредіншілдер Атырау вокзалын, Дина, Рахат базарларын, «Балықшы» шағын ауданындағы көпірді жаруды жоспарлағанға ұқсайды. Атыраулықтар қазір үрейлі. Әсіресе, 29, 30, 31 тамыз күндері оқыс оқиғалар жиілеп кетуі мүмкін деген әңгіме тарапты. Қала тұрғындары 1-қыркүйекке орайластырылған мерекелік  шараларға балаларды жібермейміз десіп отыр. Өйткені, алыпқашпа әңгімелер көп. Бұл үрейдің негізсіз емес екенін қала көшелеріндегі сақтық шараларының ұлғайтылып, көшеге ішкі әскерлер мен арнайы жасақтың кезекшілік етуінен байқауға болатындай.

Қала тұрғындарын қатты қорқытып отырған әңгіменің бірі - түрмеде отырған Шарифолла Сайфуллин есімді әсіредіншілдің (атыраулық әсіредіншілдердің көсемі, уахабшылардың ордасы саналатын Ат-таука мешітінің бұрынғы имамы) қарындасы адам көп жиналған жерде өзін өзі жаруға серт бергенінен шығып отыр.  Бірақ бейресми мәліметтерге қарағанда, ол әйел тұтқындау кезінде қарсылық көрсетіп оққа ұшыпты.

Құқық қорғау орындары алыпқашпа әңгімелерді жоққа да шығармайды, растамайды да. Бірақ сақтық шараларының ұлғайтылуы әсіредіншілдердің белсенділігіне байланысты екенін және жасырмайды.

«Маса-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036