Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4212 0 пікір 1 Қыркүйек, 2011 сағат 05:01

Жаңаөзендегі жалақы: мұнайшы – 50 мың, бастық – 5 миллион теңге алады

Маңғыстаудағы өздерінің ақ адал еңбектерінің дұрыс төленуін талап етіп басталған ереуілдің алдына - 112, артына - 97  күн болды. Биліктің мұнайшылар талабын орындайтын ойлары жоқ. ҚР Конституцияның 3 бабында «биліктің бірден бір бастауы халық» деп көрсетілген. Ал осы бап орындалып отыр ма? Егерде биліктің бірден бір бастауы халық болса, Маңғыстау жеріндегі мұнайшылардың зарына (олардың бала шағасын қосқанда 30000 адам) көңіл аударған билік, «Нұр Отан» партиясынан біреу болды ма? Жоқ! Себебі биліктегілердің есебі түгел.  «Мұнайшылар ереуілі заңсыз» дегеннен басқа ештеңе айта алмай, биліктің көзіне шел қаптап отыр.

«Өзенмұнайгаз» жер асты техника қызметін бақылайтын цехының 5 дәрежелі операторы Демесінов Хасанның 2011 жылғы мамыр айындағы жировкасы: тариф бойынша 125192-41 тг., мереке күнге - 7411-44 тг., сыйақы - 20010-88 тг., барлығы 152614,73 теңге, осының ішінде салалық - 1,8 және аудандық - 1,7 коэфициенті бар делінген, сонда осы жировка бойынша 40912-55 теңге мұнайшының таза жалақысы (оклад), ал жүргізуші Утебаев Ержанның ағымдағы жылғы наурыз айындағы жирофкасы: тариф  - 134983-95 тг., жөндеуге төленгені - 16326-29 тг., түнгі жұмысқа төленгені - 531-44 тг.,  артық уақыт істегені үшін - 1062-87 тг., демалыс күні үшін - 22320-18 тг. , сыйақы - 38549-44 тг., бір мезгілдік - 13990-80 тг.,  барлығы 227764-97 теңге, осының ішінде - 1,7 және 1,8 коэфиценттері бар деп көрсетілген, сонда жүргізушінің таза табысы (оклад) - 44112-40 теңге болып шығады. сіз ең ауыр, экологиясы төмен жерде жұмыс жасайтын 5 дәрежелі мұнайшы мен жүргізушінің  50000 теңгеге жетпейтін жалақысын  дұрыс  деп есептейсіз бе?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Әбдіхалықова ханым ҚКП хатшысы Алдамжаровқа жазған 2 шілдедегі жауап хатында оператордың жалақысы 220-280 мың теңге, бұл - 1,7 мен 1,8 коэфициентісіз 71895-91503 теңге деп көрсетеді. Министр ханым, осындай жалақы қыста суық та, жазда ыстықта асты мұнай жаман иісті жерде жұмыс жасайтын мұнайшы еңбегінің дұрыс бағалану дпе ойлайсыз ба? Осындай әділетсіздік бола тұра неге мұнайшылардың ереуілі заңсыз?

Неге Бас директордың  бірінші орынбасары Мирошенко мырза  5 млн 547 мың теңге алады, ал ең ауыр жұмысты жасаушы мұнайшы 50000 теңге жетпейтін жалақы алуы керек?! Егер мұнайшы жұмыс жасамаса биліктегілер мен байкештер миллиондаған жалақыны қайдан алар еді.

Міне, кешеден бері Жаңаөзен қаласында бұрыннан  бар солдат пен омондардың үстіне тағы да әскер апарып жатқан көрінеді. Ақтау, Жаңаөзен қаласы арасындағы жолаушылар автокөліктері тексеріліп жатыр. Кеше кешке мұнайшылар жатқан алаңның қасынан екі автобус әскер алып өткен. Бұл не? Ұзын құлақтан Ораза біткесін ереуілшілерді күшпен таратады деген хабар естігенбіз, ел ішіндегі сөз шындыққа айналмасына ешкім кепілдік бере алмайды.

Әбдіреймова Н.І.

ҚКП МОК 1-ші хатшысы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282