Назарбаев халықтық ІРО бағдарламасын іске қосу үшін тез арада құқықтық базаны қалыптастыруды талап етті
Астана. 1 қырқүйек. ҚазТАГ - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтық ІРО бағдарламасын іске қосу үшін тез арада құқықтық базаны қалыптастыруды талап етті.
«Мен ұсынған халықтық ІРО бағдарламасын іске қосу үшін құқықтық базаны құру маңызды. Депутаттарды бұл жобаның әлеуметтік құрамдасына назар аударуға шақырамын. Бұл - қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырудың, сол уақытта бизнес пен халық арасындағы сенім деңгейін арттырудың мүмкіндігі», - деді Н.Назарбаев бейсенбі күні парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Президент аталған жобаны жүзеге асыруды 1992 жылы «жекешелендірудің», «жеке меншіктің» не екенін түсіндіргендей, деп салыстырды.
Мемлекет басшысы үкіметке қысқа мерзімде сәйкес заң жобасын парламентке енгізуді тапсырып, депутаттардан оны көп кешіктірмей қарауды сұрады.
Сондай-ақ, президент халықтық IPO жобасын жүзеге асыру кезінде кең көлемді түсіндіру жұмыстары қажет екенін атап көрсетті.
Бұрын хабарланғандай, «халықтық ІРО» бағдарламасы бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады. Үкімет оған республиканың 160 мыңға жуық жеке тұлғасы мен барлық зейнетақы қорлары қатысады деп болжап отыр.

Акцияларды орналастыруға үміткер-компаниялар белгіленді. Бірінші эшелон - «ҚазТрансОйл»АҚ, KEGOC, Air Astana, екінші эшелон - «ҚазТрансГаз»АҚ, «ҚазТеңізТрансФлот»АҚ, «Самұрық-Энерго»АҚ. Үшіншісі - «Қазақстан темір жолы»АҚ, «Қазтеміртранс»АҚ.
2015жылдан кейін «ҚазМұнайГаз» АҚ мен «Қазатомпром» АҚ сияқты компанияларды ІРО-ға шығару мүмкіндігін қарастыру көзделіп отыр.
ЭДСМ басшысы Қайрат Келімбетовтың ақпаратына сәйкес, «халықтық ІРО» бағдарламасы аясында акцияларды орналастырудың мақсатты индикативті үлесі 5% -дан 15%-ға дейін. Акциялардың нақты санын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесі компаниялардың негізделген ұсыныстары бойынша белгілейді. Халық үшін әзірге дисконт қарастырылмаған.
«Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысу үшін кандидаттарды іріктеу «Самұрық-Қазына» қорының 400 еншілес ұйымының арасында жүргізілді.