Жексенбі, 29 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6699 8 пікір 23 Желтоқсан, 2019 сағат 16:20

Қазақстан Дубайдағы ЭКСПО көрмесіне 9 миллиард теңге жұмсайды

Қазақстан 2020 жылы Дубайда өтетін ЭКСПО көрмесіне қатысуға 9 миллиард теңге жұмсайды. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews сайты. 

- Біздің павильонымызды дайындау бойынша жұмыстар жүргізілді. Оған бюджеттен шамамен 9 миллиард теңге бөлінген болатын. Бұл павильон бөлшектеніп, Қазақстанға сол қаражат есебінен жеткізіледі. Одан әрі біздің өнімдеріміз елорда мен өзге аймақ игілігі үшін пайдаланылады, - деді министр.

Бұған дейін Дубайдағы ЭКСПО-2020 көрмесінде қазақстандық павильонды салу үшін аумағы 3420 шаршы метрді құрайтын ең ірі учаскелердің бірі берілгені хабарланған болатын.

Айта кетейік, Expo 2020 - Дубай қаласында (БАӘ) өтетін бүкіләлемдік көрме. Көрмені өткізу орны 2013 жылғы 27 қарашада Парижде Халықаралық көрме бюросының Бас ассамблеясында анықталды. Көрме 2020 жылдың 20 қазанынан 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін өтеді.

Ал 2017 жылы сол ЭКСПО көрмесі Астанада өткен. 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өткен көрмеге 115 ел мемлекет пен 22 Халықаралық ұйым қатысқан. Көрмені 4 миллионға жуық адам тамашалаған.

Астанада ЭКСПО көрмесін өткізу үшін республикалық бюджеттен 2,1 миллиард доллар жұмсалған. ЭКСПО құрылысы кезінде бірнеше жауапты шенді қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Соның ішінде "Астана ЭКСПО-2017" компаниясын басқарған Талғат Ермегияевқа "бюджет қаржысын жымқырды" деген айып тағылып, 14 жылға сотталған.

Ал шетелдік журналист Джеймс Палмер: "Астана ЭКСПО-2017 көрмесі елдегі экономикалық дағдарыс кезінде ұйымдастырылған пайдасыз имидждік жоба" деп сынаған.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2083