Жұма, 2 Қазан 2026
4030 0 пікір 24 Желтоқсан, 2019 сағат 10:48

Ресейде "Интернет қауіпсіздігі" бойынша жаттығу өтті

Ресейде 23 желтоқсанда "Интернеттегі киберқауіпсіздік бойынша" жаттығу өтті. Азаматтық белсенділер бұл шараны биліктің цензураны күшейтуге дайындығы деп атады.

Биыл Ресейде қабылданған тәуелсіз интернет жөніндегі заңға сәйкес, провайдерлерден арнайы қондырғы орнату міндеттелген. Оның мақсаты – веб-трафикті мемлекет басқаратын мекемеге жіберіп отыру.

Заңды қолдаушылар Рунетті тәуелсіз етіп, шетелдерден келетін кибер шабуылдардан қорғайды деп есептейді.

Заңды сынаушылар Ресейде цензураны күшейтіп, арнайы қызмет тарапынан азаматтарды барынша бақылауға мүмкіндік береді деп санайды.

"Россия-24" мемлекеттік телеканалы билік екі апта бойында интернетке қатысты жаңа техникалық мүмкіндіктерді тексеріп жатыр деп хабарлады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 311
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 334
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 435