Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
2880 6 пікір 24 Желтоқсан, 2019 сағат 11:11

Түркіменстан билігі елдің тұңғыш президенті Ниязовты еске алуға шектеу қойды

Түркіменстанда президенттің қатысуымен өткен жабық жиналыста елдің тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязовты еске алып құрмет көрсетуге шектеу қойылған. Бұл жөнінде "Түркіменстан хроникасы" басылымы хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, бұдан былай Ниязовты Ашғабадта ресми шараларда оның ескерткішіне гүл қою рәсімінде ғана еске алуға болады.

Биыл Ашғабадта елдің тұңғыш президентін еске алу шарасы 21 желтоқсанда өткен. Мемлекеттік ақпарат құралдарының жазуынша, оған ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қатыспаған.

Осыған дейін Бердімұхамедов Ниязовты еске алуға арналған шараларға өзі қатысып, гүл қойып келген.

Сапармұрат Ниязов Түркіменстанды 1985 жылдан 2006 жылға дейін басқарған. 1990 жылы президент болғаннан кейін ол Түркіменстан батыры және Түркіменбашы атағын алған. Ниязов құрметіне Ашғабадта және елдің басқа өңірлерінде көптеген ескерткіштер орнатылған.

Түркіменбашы 2007 жылы қаза болғаннан кейін біртіндеп оның ескерткіштері азайа бастады. 2007 жылы мамыр айында Ниязовтың Түркіменабад қаласындағы ескерткіші алынып тасталды. 2008 жылы Бейтарап қақпасын Ашғабад орталығынан қаланың шетіне көшіруге шешім шығарылды. Онда бұрынғы президенттің алтын жалатылған мүсіні орнатылған.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1984