Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
3570 1 пікір 24 Желтоқсан, 2019 сағат 11:13

Алматыда "митинг заңын бұзды" деп қамауда отырғандар аштық жариялады

Тәуелсіздік күні Алматыдағы орталық алаңға заңсыз митингке шықты деген айыппен 15 тәулікке дейін қамалған 20 шақты адам аштық жариялап жатыр.

Бұл жөнінде адвокат Жанар Балгабаеваға қамауда отырған қорғауындағы белсенділер Асхат Жексебаев пен Қанат Жақыпов айтқан.

Адвокаттың айтуынша, Әкімшілік кодекстің 488-бабы бойынша ("Митинг өткізу және ұйымдастыру тәртібін бұзу") қамауда отырғандар өздерін тез арада босатуды талап етеді.

Тәуелсіздік күні қарсаңында әкімшілік жазаға тартылып, 13 тәулікке қамалған Ноян Рақымжанов та қамауда аштық жариялағанын айтады. Ол бүгін, 23 желтоқсанда қамаудан босап шықты.

- Менімен бірге Райымбек есімді бір жас жігіт шықты, екеуімізді алып тастағанда жиырмадан аса адам аштық жариялап отыр. Біз де екі күн аштық жарияладық, - деді белсенді.

Алматы қалалық полиция департаменті Азаттыққа қамауда отырғандардың аштық жарияланғанын растамады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1028
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2576
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 718
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 681