Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
5412 1 пікір 26 Желтоқсан, 2019 сағат 12:25

Қырғызстан Тәжікстанмен территория алмасуы мүмкін

Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Тәжікстанға территория алмасуды ұсынды. Бұл туралы Ca-news сайты жазған. 

Сооронбай Жээнбеков Тәжікстанмен шекаралас даулы аймақтарға қатысты мәлімдеме жасап, қажет болған жағдайда, ресми Бішкек Душанбемен жер алмасуға дайы екенін айтқан.

-Қырғызстан бұл жұмысқа дайын. Вице-премьер Разақов бастаған комиссия, премьер-министр және мен өз бағытымызды айқындадық. Біз әріптестікке шақырудамыз. Қажет болса, территориялармен алмасуға дайынбыз. Барлық нұсқаларды қарайық. Тұрғындармен сөйлесейік. Бірақ шындығын айтқанда, жұмыс біз қалағандай емес, өте баяу жүруде. Бұл мәселені шешудің 3 жолы бар. Оның ең тиімдісі екіжақтың көзқарастарын ескере отырып келіссөздер жүргізу. Біз қазір осы жолмен келеміз, - деді Жээнбеков.

Айта кетейік, Қырғызстан мен Тәжікстанның шекаралық аудандарында жергілікті халық арасында кикілжің жиі болып тұрады. Желтоқсан айының басында ғана шекаралық аймақта орналасқан Кок-Таш ауылында қырғыздар мен тәжіктер арасында қақтығыс болып, тараптар бір-бірін таспен атқылаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1980