Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Апат 4112 1 пікір 27 Желтоқсан, 2019 сағат 10:04

Алматы маңында жолаушылар ұшағы құлады

Бүгін Bek Air әуе компаниясының сағат 07:05-де ұшып шыққан Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы 2100-рейсі Алматы қаласы маңында апатқа ұшырады. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. 

Аталған әуе апаты туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеме жасады.

- 2019 жылы 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Bek Air әуе компаниясының № Z2100 Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсі әуеге көтерілу кезінде биіктікті жоғалтып, бетон қоршауына соғылған. Нәтижесінде екі қабатты ғимаратпен соқтығысқан. Бірден құтқару жұмыстары басталды, өрт шыққан жоқ. Әуе кемесінің жолаушылары мен экипажы эвакуацияланып жатыр. Қаза тапқандардың саны - 7. Премьер-министрдің тапсырмасымен Үкімет комиссиясы құрылды, оны вице-премьер басқарады. Комиссия құрамына индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Комиссия оқиға орнына барады. Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері анықталады. Апат жағдайлары анықталғанға дейін осы типтегі әуе рейстері уақытша тоқтатылады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, экипаждың 5 мүшесі болған, - делінген хабарламада.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1980