Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4050 1 пікір 5 Қаңтар, 2020 сағат 12:50

Алдымен мемлекеттің саясатын өзгерту керек...

Арақты құдыққа тастаған жігіттердің ниеттеріне құлдық.
Ал амалдарына күмәнім бар..

Егер саудагерлер арасында ұзақ уақыт жүргізілген насихат жұмыстарының нәтижесі дейін десем, тиын санаған кәсіпкер ағайын қолында бар ішімдік таусылған соң қосымша тапсырыс бермес еді..
Ал акция үшін арнайы сатып алынған болса тағы сұрақ туындайды..
Оны өздерің шамаларсыңдар, шет-жағасын кеше жаздым..

Мыңдаған отбасылардың сорына су құйып отырған маскүнемдікпен күресу үшін алдымен алкоголь ішімдіктерге қатысты мемлекеттің саясаты мен халықтың көзқарасын өзгерту керек...

Онда да абайлау керек.
Бұрынғы тәжірибелерді зерттеп-зерделеп барып басталмаған күрес кері нәтиже беретінін тарих талай рет көрсетті.
Оның шет жағасын 1980 жылдардың ортасында өзіміз көрдік..

Сайрам, Сарыағаш, Келес аудандары мен Мырзашөл өңіріндегі бау-бақшаны түбірімен отынға бұтадық та тастадық..
Одан арақ-шарапты қойып кеткен адам көрмедік..
Керісінше...
Қазақ сол жылдары брага салу мен самогон қайнатуды, артынан самопал арақ жабуды үйренді..
Самогон мен самопалдан уланып өлу көбейді..
Мынау әрекеттерің тым ондайға апара қоймас..

Дегенмен, енді желіде лайк жинау үшін немесе "Күресіп жатырмыз" дегенді көрсету үшін кейбір пысықайлар тендерден ұтқан ақшаларына арақ сатып алып, қиратып жатса таңғалмаймын..

Тендердің құлағын ұстағандар осы үшін арнайы тендер жариялай қоймас деген үмітім бар.

Өмір Шыныбекұлының әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354