Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
4204 2 пікір 7 Қаңтар, 2020 сағат 10:37

Өзбекстанда Гүлнара Каримованың ісіне байланысты тергеу аяқталды

Өзбекстанда елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің қызы Гүлнара Каримоваға қарсы қозғалған жаңа қылмыстық іс бойыша тергеу аяқталды. Бұл туралы елдің бас прокуратурасы мәлімдеді.

Мекеме мәліметіне қарағанда, айыптау қорытындысы жазылған қылмыстық іс сотқа берілген.

Гүлнара Каримова 2015 жылы бопсалап ақша талап ету және салықтан жалтару айыптарымен қамауға алынған. 2017 жылы он жылға сотталып, бірақ бес жыл Ташкенттегі үйінен шықпау шартымен үйқамағына босатылған.

2019 жылы наурыздың басында тәртіп бұзды деген айыппен Ташкент облысы Зангиата ауданындағы әйелдер абақтысына ауыстырылған. Былтыр тамыз айында оған қарсы бюджет қаражатын ұрлады және мемлекет мүддесіне қайшы келетін келісімдерге барды деген айыппен жаңа іс қозғалған. Онда бас прокуратура келтірілген шығын сомасы 165 миллион доллар және 85 миллиард сум (9 миллион доллар шамасында) деп бағаланған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1984