Жұма, 18 Қыркүйек 2026
4191 2 пікір 9 Қаңтар, 2020 сағат 12:11

Ханзада Гарри зайыбымен король отбасы мүшесі мәртебесінен бас тартты

Ұлыбритания ханзадасы Гарри мен оның зайыбы Сассекс герцогинясы Меган Маркл король отбасы мәртебесінен бас тартуға шешім қабылдады. Олар мәлімдемесінде уақытын Ұлыбритания мен Солтүстік Америка арасында өткізетінін жеткізген.

Герцог пен герцогиня король отбасынан тәуелсіз болуы үшін жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізген.

Мұнан бөлек жұп жаңа қайырымдылық ұйым құратынын да мәлімдеген. Ол қандай ұйым болмақ, әзірге белгісіз.

Букингем сарайы ханзада мен зайыбының тілегін түсінетінін білдіріп, барлық мәселені реттеу үшін уақыт қажет екенін жеткізген.

Гарри ханзада мен америкалық актриса Меган Маркл 2018 жылдың 19 мамырында Виндзор сарайында үйленді. Неке рәсімінен кейін олар Сассекс герцогы мен герцогиниясы атанды. Меган Маркл үшін бұл екінші неке.

Былтыр 6 мамырда отбасында тұңғышы Арчи Харрисон Маунтбаттен-Виндзор дүниеге келді. Екінші Елизавета ханшайымның сегізінші шөбересі жетінші тақ мұрагері болып саналады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1303
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2861
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 957
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 893