Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
4109 5 пікір 9 Қаңтар, 2020 сағат 14:44

Журналист Амангелді Батырбеков бостандыққа шықты

"Жала жабу" және "Қорлау" бабымен 2 жыл 3 айға сотталған журналист Амангелді Батырбеков бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Сот үкімін оқыған сот алқасының төрағасы Таубай Қадырбаев "Батырбеков сот залынан босатылсын" деді. Босап шыққан журналиске сот алқасының төрағасы "бірінші кезекте мемлекет атынан, сот атынан сізден кешірім сұраймыз. [Іс] заңсыз көтерілген" деді.

Айта кетейік, Батырбеков – Қазақстанда кәсіби қызметі үшін биыл түрмеге қамалған жалғыз журналист.

Осыған дейін халықаралық ұйымдар мен құқық қорғаушылар Қазақстан билігінен қамауда отырған журналист Батырбековты босатуды сұраған. Мәселен, Халықаралық "Шекарасыз тілшілер" ұйымы (RSF) мен "Журналистерді қорғау комитеті" (Committee to Protect Journalists, CPJ) Нұр-Сұлтанды Батырбековты босатып, оған тағылған барлық айыпты алып тастауға шақырған.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1985