Сенбі, 15 Тамыз 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 102287. Жазылғандар — 80716. Қайтыс болғандар — 1269
46 - сөз 1710 17 пікір 10 Қаңтар, 2020 сағат 13:05

Дін ғылымның жетістігін қоғамға түсіндіріп беру керек

2030 жылға қарай біраз мамандықтар жер бетінен жойылып кетеді, деген болжам бар. Бірақ кванттық физика мен астрофизика мамандығы ешқашан жойылмайды. Өйткені, мына ғалам шексіз. Ал, оның тылсымын толық зерттеп болған жоқпыз. Тіпті дүниенің болмысына деген қызығушылығымыз таусылар емес. Ғылымның астрофизика мен кванттық саласы өте жылдам дамып келеді.

Осы бағытты зерттеп жүрген есі дұрыс ғалымдардың біразы ессіз тұжырымдар жасап үлгерді. Атақты бизнесмен және хакер Джордж Хоц, симуляциядан қашып шыққысы келетіндерге арнап дін ойлап тауып та қойды. Ол компьютер ойынының кейіпкерлері "Оо сен жәй ғана симуляцияда өмір сүріп жатқанымызды білесің бе?" дейді бір біріне. Бұл ежелден даналар бас қатырып келе жатқан тұжырым.

Ал, дін ғалымдары "әлем иллюзия" деген тұжырымды: "софистика, софистер алып келді" дейді. Бұл мәселемен тек қана Ән-Нәсәфияның ақида кітабынан ғана танысқан болуы керек. Өйткені, тек осы кітап шеңберінде ғана қарастырады. Дәлел келдіреді. Өйткені бір мәселені барлық сала шеңберінде зерттеу қиын, күрделі. Бір кітаптың бір тарауы, бір аят, бір хадиспен факт, дәлел келтіре салу оңай.

Әріге барсақ, бұл тұжырым Әл Киндиден басталатын бүкіл ислам философиялық мұраларында субстанция, акцидентция ұғымы аясында параллелді зерттелген. Ал, оның аржағында Грек, Атлантида озық өркениетінен келе жатқан ғылыми мәселелер. Бір ғана кітап шеңберінде қорытынды жасайтын дін ғалымдары Рэй Брэдберидің мына сөзінің шындыққа айналғанын белді ме екен?

Набивайте людям головы цифрами, начиняйте их безобидными фактами, пока их не затошнит, ничего, зато им будет казаться, что они очень образованные. У них даже будет впечатление, что они мыслят, что они движутся вперёд, хоть на самом деле они стоят на месте.

Барлық мәселе неге кітапта? Кітап тек ақпаратты жеткізуші құрал ғана. Ақпаратты жинап, сақтап жеткізуші флешка. Біз ұмытып қаламыз-ау деген ойымызды қағазға жазып қоямыз. Бұл ақпаратты қазір фильм, ролик, аудио, видео контенттерде атқаратын болды. Иә, кітаптың жаңа нұсқасы. Келер ұрпақ "әлгі автор өз видеосында былай деп айтқан еді" деп тұжырым жасайтын болады. Кітаптың кереметтей біз білмейтін құпиясы жоқ.

Квант ғалымдары "әлем матрица, голограмма" деген сөздерінің мағынасын қазір кез келген адам түсінеді. Софистерсізде ұға алады. Ғажайып картинаны қарасаңыз кеме, адам, үй, табиғатты көреміз. Бірақ ол ‐ иллюзия. Себебі - бәрі краска. Краска - субстанция. Ал оның көзімізге көрінген бейнелері - акциденция.

Сол сияқты, адамда - иллюзия, шын мәнінде адам - биологиялық клеткалардың, оның аржағында энергияның жиынтығы екенін ғалымдар көріп тұр. Материяда антиматериялды құрылымнан тұратындықтан иллюзия.

Егер дін ғылымға қайшы болмаса, ғылымның жетістігін жоққа шығармай, қоғамға түсіндіріп беру керек. Ал түсіндіре алмаса, дінді обалды қылмау керек.

Әсет Бектұрдың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

17 пікір