Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2355 0 пікір 7 Қыркүйек, 2011 сағат 11:08

Алмас Тұртаев: «А. Перуашевтың мемлекеттік тіл мәселесі бойынша ұстанымын бірауыздан қолдаймыз!»

Қазақстан биыл егеменділіктің 20 жылдығын тойлап отыр. Осы уақытта біз басқа ұлттарға өз тілін дамытуға барлық жағдай жасадық. Қазір елімізде бір-ақ мәселе бар. Ол -қазақ тілінің мәселесі.

Біз бір ақиқатты түсінуіміз керек. 20 жыл  егеменділіктен пайда тапқан басқа ұлттар, тек қазақ емес. «Ақ жол»  партиясы Алаш партиясының тарихи мирасқоры болғандықтан, біздің партияның тіл мәселесін өткір көтеретіндігі түсінікті.

Партия төрағасының  мемлекеттік тіл мүддесін  қолдаған саяси ұстанымын облыстардың барлық филиалдары қолдап отыр. Бұл түсінікті, өйткені тіл мәселесінің өзектілігі бүгін тіпті күшейіп барады.

Керек болса, біз Қазақстандағы қазақ мәселесін күн тәртібіне қоюымыз қажет. Неге қазақ жастарына «әлеуметтік лифтілер» жоқ? Қай жерге бармасаң арба сүйрейтін, сөмке көтеретін, жүк түсіретін қаракөздер!

Мен өзім жас болғандықтан жастардың мәселесі мені қатты толғандырады.

Қазақ тілі мәселесін біз Үкіметтен, Парламенттен бастауымыз керек. Қазақтың бизнесі мемлекеттік тілге көшуі керек. Сонда ғана қазақтардың рухы биік болады.

Мемлекеттік тіл бойынша  мәлімдемеге А. Перуашевтан басқа «Ақ жол» партиясының 10 орталық Комитетінің мүшесі, 5 Президиум мүшесі қол қойған. Бұл заңды, өйткені партияның бірлігі бізде бұрыннан да күшті.

Өзін қазақ сезінетін, ел болашағын, ұлт мүддесін келер ұрпағымыздың тағдырын ойлайтын әрбір азамат тіл мәселесі жөнінде нақты іске кірісуі қажет.

Осы позицияны партияның барлық мүшелері қолдайтындығы анық.

Алмас Тұртаев, «Ақ жол» партиясының

Қызылорда облыстық филиалының басшысы
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406