Президент солтүстікқазақстандық аграрийлердің алдына бірнеше міндет қойды
Петропавл. 8 қырқүйек. ҚазТАГ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысына (СҚО) жұмыс сапары барысында аграрийлердің алдына бірнеше міндет қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Мемлекет басшысының жұмыс сапары Қызылжар ауданындағы «Петерфельд Арго» ЖШС егіс алқаптары мен асыл тұқымды репродукторын аралаудан басталды. Сондай-ақ, мұнда президент аймақтағы агроқұрылымдардың басшыларымен әңгімелесті.
Диқандарды жақсы астықпен құттықтаған Н. Назарбаев ауыл шаруашылығының басты міндеттеріне тоқталып, «соңғы жылдары ауыл шаруашылығындағы жалпы мәселелердің» шешілгенін айтты.
«Бүгінгі күні облыста 80%заманауи техникамен жиналады. Әрине, табиғат жаңбыр береді, бірақ егер бізде ондай техника болмаса, осындай мол астықты желтоқсанға дейін жинайтын едік», - деді ол.
Сонымен қатар, президент «саннан сапаға көшу керектігін» айтты.
«Мен өз жолдауымда 2020 жылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 4 есеге көтеру міндетін қойдым. Неге? Қазақстанда жұмыс істейтін халықтың 30% ауыл шаруашылығында еңбек етеді, және бұл 30% экономика көлемінің небәрі 5% ғана беріп отыр. Бұл қалыпты жағдай емес. 2020 жылы бұл көрсеткішті 18-20%-ға жеткізуіміз керек. Әрқайсысымыз осыны ойлауға тиіспіз», - дедіпрезидент.

Ол бұл жерде ең алдымен жаңа технологиялар туралы айтып отырғанын жеткізді.
«Ылғал үнемдегіш технологиялардан нольдік технологияларға көшетін болсақ, өнімділіктің 1,5 есеге артатыны дәлелденген», - деді ол.
«Шетелден осыншама техника сатып ала отырып, біз оларды техниканы Қазақстанда құрастыруға итермелеуге тиіспіз, сонда сіздер үшін ауыл шаруашылық техникасының бағасы 30%-ға арзандайды», - деп болжады мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, ол «бидай өндірісін қаржыландыруды аздап өзгерту» жоспарланып отырғанын айтты.
«Гектарына 500 теңге, бұл не үшін қажет? Біз оны алып қоямыз, бірақ сіздерге жеңілдікті несиелеу, лизинг көлемін арттыру үшін, яғни егінді тез жинап, тез отырғызу үшін жоғары өнімді техникамен жарақтау үшін. Бұл шараларды қолға алса, аймақты шынымен де көтере аламыз», - деді Н.Назарбаев.
Сондай-ақ, ол «жақсы химиялық тыңайтқыштарды» өзімізде жасау керегін айтты. «Бір гектардан көп ақша алудың жолын түсінуге тиіссіздер, міндет осындай», - деді президент.