Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
Билік 4183 5 пікір 15 Қаңтар, 2020 сағат 14:11

Президент мемлекеттік басқару жүйесіндегі командамен ауысу мәселесін сынады

Ақордада өтіп жатқан Президенттің кадрлық резерв мүшелерімен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметкерлердің командамен ауысу мәселесін сынады. 

- Өкінішке орай, мемлекеттік қызметкерлердің біршамасы мұны сезіне бермейді. Ескі жолмен жұмыс істеуге тырысып, олар елдегі жаңғырту процестерін тежейді. Мемлекеттік басқару жүйесінде командамен ауысу мәселесі әлі де бар. Есеп беру нәтижесінде мемлекеттік органдарда ауысу көрсеткіштері - 6-10 пайыз жалпы нормадан тыс. Іс жүзінде министр немесе әкім ауысқанда кадр құрамы да айтарлықтай өзгеретіні анық.

Басшы қызметкерлер санының нормативтері жоқ. Меритократия принциптері әрдайым сақтала бермейді. Әлі күнге дейін ықпалды "қамқоршылар" танысы арқылы қызметте өсу және қамқорлық жасау деректері бар. Бұл рас, біз бәрін білеміз. Мұндай жүйені сынау керек, оның ішінде қоғамдық пікір еленуі тиіс. Басқаша істеуге болмайтындай дәрежеге жетті, себебі басты нәрсе - нәтиже, - деді Тоқаев Президенттік жастар кадрлық резерві өкілдерімен кездесу барысында.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1991