Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2760 0 пікір 9 Қыркүйек, 2011 сағат 05:51

Саян Сейдахмет. «Бұлбұл» бұл жолы не деп сайрады?

Қоғамда елеулі дау тудырған М.Шаханов бастаған ұлт зиялыларының ашық хаты талай шала қазақтың шымбайына тиіп бітті. Орыстілді ақпарат құралдарынан бастап, саясаткерсымақтардың пікірлері қоғамды екіге жарды. Ал бізді ашық хаттың қазақ тіліндегі нұсқасы жарияланысымен Ертісбаев (суретте) сияқты қазақ тілінде әрең сөйлейтін адамның пікір білдіруі расымен қуантып тастады. Себебі аталған ашық хат шалақазақтарға (бұдан әрі - ШҚ) әсер етіпті. Жақсы нәтиже. Сол ШҚ-лар қазақ тілін тез үйреніп алу жайында өзара пікір таласқа түсе бастады. Мәселен, Президент кеңесшісі Е.Ертісбаев: «Мұхтар Шахановтың қол қоюы түсінікті. Ол 20 жыл бойы бұл проблемаға шын ниетімен араласып, мемлекеттік тілдің жағдайына шынымен жаны ауырып жүрген адам. Ал, Болат Әбілов секілді саясаткерсымақтар ( Ертісбаев Әбілов туралы тура осылай деді. - С.С.) хатқа қолын алдағы парламент сайлауында партияларының еш мүмкіндікке ие бола алмасын білген соң қойғаны анық», - деді. ( http://baq.kz/kaz/news/cat/5/5806/) Көріп отырсыздар, Ертісбаев Әбіловтың қазақ тілінде дайындалған хатқа қол қойғаны жөнінде айтып отыр. Өзара ана тілін білу жолында бәсекеге түсіп, бір-бірінің жанды жерлерінен ұстапты. Кеңесшінің жоғарыдағы сөзінен кейін  ел сеніп жүрген шыншыл азаматтың бет-бейнесі мейілінше ашыла түскендей.

Қоғамда елеулі дау тудырған М.Шаханов бастаған ұлт зиялыларының ашық хаты талай шала қазақтың шымбайына тиіп бітті. Орыстілді ақпарат құралдарынан бастап, саясаткерсымақтардың пікірлері қоғамды екіге жарды. Ал бізді ашық хаттың қазақ тіліндегі нұсқасы жарияланысымен Ертісбаев (суретте) сияқты қазақ тілінде әрең сөйлейтін адамның пікір білдіруі расымен қуантып тастады. Себебі аталған ашық хат шалақазақтарға (бұдан әрі - ШҚ) әсер етіпті. Жақсы нәтиже. Сол ШҚ-лар қазақ тілін тез үйреніп алу жайында өзара пікір таласқа түсе бастады. Мәселен, Президент кеңесшісі Е.Ертісбаев: «Мұхтар Шахановтың қол қоюы түсінікті. Ол 20 жыл бойы бұл проблемаға шын ниетімен араласып, мемлекеттік тілдің жағдайына шынымен жаны ауырып жүрген адам. Ал, Болат Әбілов секілді саясаткерсымақтар ( Ертісбаев Әбілов туралы тура осылай деді. - С.С.) хатқа қолын алдағы парламент сайлауында партияларының еш мүмкіндікке ие бола алмасын білген соң қойғаны анық», - деді. ( http://baq.kz/kaz/news/cat/5/5806/) Көріп отырсыздар, Ертісбаев Әбіловтың қазақ тілінде дайындалған хатқа қол қойғаны жөнінде айтып отыр. Өзара ана тілін білу жолында бәсекеге түсіп, бір-бірінің жанды жерлерінен ұстапты. Кеңесшінің жоғарыдағы сөзінен кейін  ел сеніп жүрген шыншыл азаматтың бет-бейнесі мейілінше ашыла түскендей. Оның үстіне «азаттықтар» (АЗАТ ЖСДП)   интернет бетінде ашық хатты қолдап қол қойғандарына іштей өкініш білдіретіндерін аңғартып, ұлт мәселесіне қатысты өз ұстанымдарының солқылдақтығын және байқатып алды. Бұларға талай ел сеніп жүрсе, бұлардың істегендері не? Бүгінгі билік режимінен қорлық көрген халық дауа іздеп, әлгі «азаттықтарға» сенім артып жүрген еді.

Бір заңдылыққа назар аудару керек. Қай бір істе болмасын сатқындық таныту арқылы бүкіл бет-бейнеңді, қағидаң мен болмысыңды көрсетесің. Осы жерден бастап халықтың көзі ашылу керек. Тілді қолдамау дегенді қалай түсінуге болады? Басқа-басқа ана тіліңе. Оған қарсы шығу барып тұрған сатқындық қой.

Алаштың тарихи мұрагері атынып үлгерген «Ақ жолдықтар» ерледі. «Ақ Жол» лидері Азат Перуашевтің қол қоюын Ертісбаев оның партия басшылығына жаңадан келгендіктен қанатын тезірек кеңге жаюды мақсат етуден деп түсіндіреді( http://baq.kz/kaz/news/cat/5/5806/). Бұл жерде мынандай астар бар. Партияның бұрынғы басшысы билікке кетіп, қазіргі төраға биліктен келіп отыр. Яғни, көп қайталанып жүрген көппартиялы парламенттің қажеттілігі алға шығып келеді. Ерте ме, кеш пе сайлау болады. Шамада жыл соңына дейін. Міне, Ертісбаев сайлау болатын туралы айтпаса да, билікке жақын бір  партияның  қазақ мүддесіне икемделіп, сол арқылы қанат жайып келе жатқанын меңзеді. Бәлкім, ел тілегі, қазақ мүддесі саяси күштерді өзімен есептестіретіндей пәрменге ие болған шығар. Бұл жайтты  енді терең ескеріп жүру керектігін биліктің «бұлбұлдары» да ұғынып қалғандай. Солай сияқты.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443