Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
3621 0 пікір 16 Қаңтар, 2020 сағат 11:12

Қазақстан мен Беларусь мұнай тасымалдау мәселесін талқылайды

Қазақстанның энергетика министрлігі Беларусьтің "Белнефтехим" концернінен мұнай тасымалдау бойынша өтініш түскенін хабарлады.

- "Белнефтефтехим" министрлікке өтініш түсірді. Бұл ведомство өкілдері тасымалдау мәселесін талқылау үшін Қазақстанға келмекші. Қазіргі кезде түрлі бағыт бойынша мұнай тасымалдап жатырмыз және Беларусь жағының ұсынысын қарастырамыз, - деді Қазақстанның энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 15 қаңтарда.

Оның айтуынша, егер мұнай компаниялары Беларусь тарабының шарттарымен келіссе, тараптар келісімге қол қоюы мүмкін. Ноғаевтың айтуынша, Беларусь делегаты Қазақстанға 20 қаңтарда келуді жоспарлап отыр.

Биыл Ресеймен мұнай тасымалдау бойынша келісімге келе алмаған Беларусь Қазақстаннан бөлек Украина, Польша, Әзербайжан және Балтық елдеріне мұнай сатып алу туралы ұсыныс жасаған.

Былтыр қазан айында Қазақстанға келген Беларусь президенті Александр Лукашенко Беларусьтің Қазақстаннан мұнай импорттауға мүдделі болып отырғанын жеткізген. Қазақстанның сол кездегі энергетика министрі Қанат Бозымбаев "мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жөнінде келісімнің негізгі шарттарын жасадық" деп мәлімдеген.

Қазақстаннан мұнай тасымалдау туралы ұсынысты Лукашенко алғаш рет 2019 жылы мамыр айында Минскіде Қазақстан елшісімен кездесу кезінде айтқан. Сәуір айында "Дружба" құбыры арқылы Ресейден тасымалданатын мұнайдан лас өнімдер анықталып, Беларусь мұнай тасымалдауды тоқтатқан. Қазақстан елшісімен кездесуде Лукашенко Минскінің мұнай өңдейтін зауыттарына жан-жақтан мұнай өнімдерін жеткізгісі келетінін айтқан. Ал елші Ермұхамед Ертісбаев Қазақстан Беларусьты мұнаймен қамтамасыз етуге дайын, тек ол үшін Ресеймен келісу керек деген.

Екі аптаға жуық уақыт бұрын Мәскеу күтпеген жерден Беларуське мұнай тасымалдауды тоқтатқан. Сарапшылардың айтуынша, Беларусь бағаны арзандатуды сұраса, Ресей мұнымен келіспейді. Бұған дейін Минск шикізат тасымалдаудың балама жолдарын іздейтінін мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1991