Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2319 0 пікір 10 Қыркүйек, 2011 сағат 06:50

Шымкентте мал мен қораларды КҚҚБ-ға қарсы өңдеу шаралары аяқталды

Шымкент. 9 қырқүйек. ҚазТАГ - Шымкентте мал мен шаруашылық нысандарын конго-қырым қанды безгегін (КҚҚБ) тасымалдаушы кенеге қарсы химиялық өңдеу шаралары аяқталды, деп хабарлады Шымкенттің бас санитарлық дәрігері Бейсенбек Қамшыбеков.

«16 мың 610 бас ірі қара мал, 26 мың 441 бас ұсақ тұяқты мал, 288 мың 850 шаршы метр қора өңделді», - деп мәлім етті ветеринарлық дәрігер. Ол жоспарланған шаралардың бәрі толық көлемде орындалғанын жеткізді.

Сондай-ақ, ол өңдеу шаралары көктемде және күзде жүргізілгенін хабарлады. «Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен Шымкентке 2 млн 93 мың теңге бөлінді. Реактивтерді сатып алып, дезинспекторлардың жұмысына деп қала бюджетінен тағы 17 млн 68 мың теңге бөлінді», - деді Б. Қамшыбеков.

Иксодолық кенеге қарсы кең көлемді өңдеу шаралары осы жәндіктің табиғи ошағы саналатын ОҚО-да 2009 жылы қайта жүргізіле бастады. Ол кезде Оңтүстік Қазақстанда КҚҚБ-ны 22 адам жұқтырып, 8-і қаза тапқан. 2010 жылы індет жұқтырудың 17 оқиғасының үшеуі адам қазасымен аяқталды. Үстіміздегі жылдың басынан бері КҚҚБ жұқтырудың екі оқиғасы тіркелді, бір адам қаза тапты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478