Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
Тағайындау 4049 3 пікір 16 Қаңтар, 2020 сағат 13:24

Қасымов мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Қалмұханбет Қасымов мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды. Осыған орай ол президент жарлығымен президент кеңесшісі және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

62 жастағы Қасымов былтыр 12 ақпанда президент кеңесшісі және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалған. Оған дейін 8 жыл ішкі істер министрлігін басқарды.

Ал бұған дейін мемлекеттік күзет қызметін басқарған Әнуар Садықұлов ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Сонымен қатар, мемлекеттік күзет қызметінің орынбасары Әзімхан Жүсіпов те қызметінен босатылды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1991