Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2212 0 пікір 10 Қыркүйек, 2011 сағат 06:53

Қала күніне орай өтетін сенбілікке 200 мыңнан аса алматылық қатысады

Алматы. 9 қырқүйек. ҚазТАГ - 10 қырқүйекте қала күніне орай өтетін сенбілікке 200 мыңнан аса алматылық қатысады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Бұл күні қала көшелерін, аулаларды, халық жиналатын қоғамдық орындарды, арық жиектері мен арналарын тазарту жоспарланған», - делінген жұма күні таратылған ақпаратта.

Санитарлық жұмыс, қаланы барынша абаттандыру, көгалдандыру шараларынан басқа, жалпы қаланың келбетіне эстетикалық сипат беру де ерекше назарда болады. «Гүл қоршаулары, орындықтар, қоқыс жәшіктері, жарнама қалқандары сырланады», делінген ақпаратта.

Аудан әкімдіктерінің мәліметтеріне сәйкес, енбілікке 200 мыңнан адам қатысады деп жоспарланған, оның ішінде заңды тұлғалар, ПИК, ҮИТК (үй иелерінің тұтынушылық кооперативі) мүшелері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері бар.

Аудан әкімдіктері сенбілікке шыққандарға қажет құралдар береді. Жиналған қоқысты тасымалдауға 200-ден астам техника тартылады, деп хабарлайды әкімдік.

Алматы қаласының әкімдігі аталған сенбілікке барлық қала тұрғындарынқатысуға шақырып, әркім өз ауласын, өз кәсіпорнының айналасын тазартып, оң іске үлес қосады деген сенімде.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475