Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3982 0 пікір 10 Қыркүйек, 2011 сағат 06:58

Қарағандыда Қасым Аманжоловтың ескерткіші ашылды

Қарағанды. 9 қырқүйек. ҚазТАГ - Қарағандыда Қасым Аманжоловтың туғанына 100 толуына арналған мерейтойлық шаралар аясында ақынның ескерткіші ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Ескерткіш Қ. Аманжоловтың мерейтойына арнайы жасалды. Оны салуға Т25,5 млн бөлінді. Жобаны әкімдікпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес «Қазақмыс» корпорациясы қаржыландырды», - деп мәлім етті Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов жұма күні ескерткіштің ашылу салтанатында.

Салтанатты рәсімге мерейтойға келген әдебиет және өнер қайраткерлері, ақынның туған-туыстары, Қарағанды тұрғындары қатысты.

Биіктігі 4 метрге жуық мүсін қоладан құйылды. Тұғыртасымен бірге композицияның биіктігі 8 метрге жетеді. Ақын қолына дәптер ұстаған күйі бейнеленген.

«Өзім Қ. Аманжоловтың шығармашылығын жақсы көремін, ақынның бейнесін мәңгілік етуді бұрыннан армандап келдім», - деп атап өтті ескерткіштің авторы, қарағандылық мүсінші, Ленин комсомолының лауреаты Жеңіс Молдабаев.

СенаторҚуаныш Сұлтановтың айтуынша, Қ. Аманжоловқа ескерткіш орнату идеясы оның 60 жылдығы мерекеленген кезде айтылған. «Міне, сол ой іске асты. Қ.Аманжолов - алып тұлға, ол өз заманының дарынды ақыны болған. Оның мерейтойының осылайша атап өтілуі ұлттық бірігудің, руһани мәдениетіміздің қайта жандануының белгісі болып табылады», - деді сенатор.

Ақынға тағы бір ғұмыр берілгендей, деп есептейді Қазақстан жазушылары одағының төрағасы Нұрлан Оразалин. «Көзі тірісінде Қ. Аманжолов аңыз болған. Оның «Абдолла» поэмасы («Ақынның өлімі туралы аңыз») - әлем классикасына енгізуге болатын бірегей туынды. Кезінде біз Қасымның шығармашылығын оқып, үйрендік. Бүгінгі жастардың арасынан ақынның шығармаларын сүйіп оқитындардың табылғаны мені қуантады. Қасым миллиондаған оқырманы арқылы оралып отыр. Басты байлық деген осы», - деді журналистергеН. Оразалин.

Қасым туралы деректі фильм түсірген Ш. Айманов ат. «Қазақфильм» киностудиясының режиссеры Тілеген Ахметовтың пікірінше, ақынның шығармашылығы зерттеуді талап етеді. «Біз алғаш рет экранда ақын Қасымның жолын көрсетуге тырыстық. Фильммен жұмыс жарты жыл уақытты алды. Біз мұрағаттағы материалдарды зерттедік. Түсіру жұмыстары 2 айға жалғасты. Аманжолов өмір сүрген, оқыған, жұмыс істеген орындардың бәрін қамтыдық. Түсіру жұмыстары Санкт-Петерборда, Оралда, Семейде және ақынның туған жері Қарқаралы ауданында да жүргізілді», - деді Т. Ахметов.

Ақынның қызы Дариға Аманжолова Қарағанды облысының басшылығына мерейтой шараларын ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді. «Мені мақтаныш сезімі бөлейді. Өкінішке орай, әкемді анамның әңгімелерінен білемін, ол бұл өмірден ерте кетті. Бірақ менің мамандығым филолог, сондықтан әкем жазған шығармалардың толық библиографиясын жинауға тырыстым», - деді Д. Аманжолова. Ол Қарқаралы ауданындағы мұражайға әкесінің заттарын табыс етті.

Жұма күні Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов мерейтой шараларына келген әдебиет және өнер қайраткерлерін қабылдады. Аймақ басшысы ақынның қыздары Дариға мен Жәнияға құрмет белгісі ретінде қазақтың ұлттық қамзолдарын, мерейтойлық медальдар мен пәтер кілттерін табыс етті.

Мерейтойлық шараларды Е. Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университетінде «Қасым Аманжолов және жаңа дәуір поэзиясы» ғылыми-тәжірибелік конференциясы жалғастырды. Онда «Қасым» әдеби журналының, ақынның жарық көрген кітаптарының және оның шығармашылығы туралы сайттың тұсаукесері өтті.

Сенбі күні Қ. Аманжоловтың туғанына 100 жыл толуына орай мерекелік шаралар ақынның туған жері Қарқаралы ауданында жалғасады.

Мерейтойлық шараларға Қазақстан, Түркия, Иран, Әзербайжан, Өзбекстан, Татарстан елдерінен 200-ге тарта қонақ келді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475