Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5593 10 пікір 20 Қаңтар, 2020 сағат 13:45

Шекарашы сарбаздың жалақысы - 78 мың теңге ғана

Кейінгі кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан Қытай Халық Республикасының ұлты қазақ азаматтарының заңсыз өту фактілері орын алуына байланысты қоғамда «Шекарашыларымыз бұған неге жол берді?» деген сауал туындап отыр. Осы сұраққа жауап іздей келе, мен таяуда Солтүстік Қазақстан облысы мен Омбы облысының арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасына арнайы барып-қайттым.
Түйген пікірім: мемлекеттік шекараны бұзушыларды дер кезінде ұстай алмаған Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жауапты қызметкерлері мен әскери қызметшілерін жауапқа тартумен шектелуге болмайды. Мәселенің тамыры терең.

Біріншіден, 1998 жылға дейін шекара әскері күзеткен Қытай Халық Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараның ұзындығы 1783 километр болған және оны 20 мыңнан астам шекарашы күзеткен. Қазір күзетілетін мемлекеттік шекараның ұзындығы 8,5 есеге жуық ұлғайып, 15132 километрге жеткен. Оны 30 мыңнан астам шекарашы күзетеді. Сондықтан да, ең алдымен, шекарашылар санын көбейту қажет. Өйткені мемлекеттік шекараны күзететін, келісімшарт бойынша əскери қызмет өткеріп жүрген əскери қызметшілердің саны жеткіліксіз болғандықтан, мерзімді әскери қызметке шақырылған жас сарбаздарды да шекараны күзетуге тартуға тура келіп отыр. Ал олардың тәжірибесіздігінен әртүрлі шалағайлықтар орын алып жатады.

Екіншіден, шекарашылардың тұрақтамаушылығы жоғары. 2018 жылы келісімшарт бойынша қызмет еткен 1037 сарбаз бен сержант қызметтен босатылған. Ал 2019 жылдың өткен 10 айында 759 сарбаз бен сержант қызметтен кеткен. Мұның себебін сұрастырсам, шекарашылардың жалақысы өте төмен болып шықты. Елдің шетінде, желдің өтінде мемлекеттік шекараны күзетіп жүрген сарбаздың қолына тиетін жалақысы – 78 мың теңге ғана. Келісімшарт бойынша шекара күзететін сарбаздар санының жеткіліксіздігінің басты себебі де осында.

Осыған орай, бүгін Премьер-Министрдің атына хат жолдап, мемлекеттік шекараны күзетуде келісімшарт бойынша əскери қызмет өткеретін əскери қызметшілердің санын көбейту және олардың жалақасын арттыру мәселесін қарауын сұрадым.

Кәрібай Мұсырманның әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475