Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4181 0 пікір 21 Қаңтар, 2020 сағат 11:49

Ошта "қазақ" қылмыстық тобының мүшесі бір айға абақтыға қамалды

Ош қалалық соты ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі Омар Маратовты қамауға алу туралы шешім шығарды. Қазақ лақап атымен танымал Маратов 17 ақпанға дейін тергеу абақтысында отырады.

Маратов 17 қаңтарда Ош басшысы Айтмат Кабырбаевтың туысы Ұлан Райымбековті ұруға қатысы бар деген күдікпен ұсталды.

Райымбеков Маратовқа ешқандай талабы жоқ екені туралы өтініш жазған. Дегенмен милиция бұл жағдайда күдікті жауаптан босатылмайды деп отыр.

11 қаңтарда Ошта соққыға жығылған Ұлан Райымбеков қазір ауруханада жатыр. Оның жағы сынған.

Маратов бұған дейін "тонау", "қарақшылық" баптарымен сотталған. 2019 жылы қазанда ол кәмелет жасқа толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталды. Бірақ 8 қаңтарда сот оны үйқамаққа шығару туралы шешім қабылдады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4918
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4114