Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Билік 4724 12 пікір 22 Қаңтар, 2020 сағат 12:32

Мемлекет басшысы Тимур Құлыбаевты қабылдады

Президент «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына бизнес секторының ахуалы, отандық кәсіпкерліктің проблемалары, сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының осы саладағы қызметінің қорытындылары туралы ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, фермерлер мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қаржы айналымының қажеттілігі, экономиканың өзге де секторларына қаражаттың қолжетімділігі жайында баяндалды.

Импортты алмастыру, мемлекеттік сатып алулардың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Президент қолда бар ресурстардың бәрін іскерлік белсенділікті ынталандыруға және өндірісті дамытуға бағыттау қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар кездесу кезінде кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар жұмысының тиімділігі сөз болды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы жаппай кәсіпкерлік пен адами капиталды дамытуға негізделген «Үкімет бизнес үшін», «Бастау», «Жас кәсіпкер» жобаларының жүзеге асырылу барысы туралы да айтты.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1145
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2675
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 791
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 760