Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3367 3 пікір 23 Қаңтар, 2020 сағат 12:05

Балаңызға кітап сыйлаңыз

Ұмытпасам 7 сыныпта оқимын. Әкем күн бата үйге келді. Қолында екі кітап бар. Қойшығара Салғариннің "Алтын тамыры" мен "Өзбекәлі Жәнібеков" деген кітап. Біріншісінің мұқабасы сары, екіншісі көк түсті. Есімде қалғаны осы.

Кітаптарды қолыма ұстатып: "Мынаны оқы. Түсінігіңді сұраймын", деді.
14 жастағы баланың талғамына, дүниетанымына ауыр екені анық. Содан болар мектеп бітіргенімше әлгі кітаптарды бірнеше рет оқыдым. Бірақ түсінгенім шамалы. "Алтын тамыр" ғұн мемлекеті жайлы. Екіншісі мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың өмірі мен қызметіне арналған.
Не керек, әкемнің бағалы сыйлығы кітап оқу құмарлығын оятты. Ауылдың кітапханашысы көршім болды. Ұлты орыс. Ол қызықты кітаптарды ұсынады. Мен екі-үш күнде тауысып, қайта барамын. Осылайша кітаппен достық орнады. Содан болар бүгінде кітапханашы көрсем, ерекше құрмет көрсетуге дайын тұрамын.

Біз оқыған жылдары студенттік стипендия 3200 теңге болды. Зачеткасында төрті барлар 2700 теңге алады. Павлодар қаласында Қ.Сәтбаев атындағы кітапхана болды. Бүгінгі Н.Назарбаев көшесінде орналасқан.
Стипендия алған сайын 500 теңгесіне кітап сатып аламын. Бір айдың ішінде екі-үш кітапты оқып бітіріп, келесі айда тағы аламын...
Қасымдағы Жұлдыз, Ризабек, Бағадат есімді достарым "кітапты кеміргеннен не пайда?" дейді. Бірақ әкемнің бойыма сіңірген әдетін ұстандым.
Осы күні сол сансыз кітаптың көбін ұмытып қалыппын. Кейбірінің мазмұны ғана есімде.
Өткенде бір уағыз тыңдадым. Жаратушы бұйрығын орындап, рухын кемелдендірген адамның жүрек көзін ашып қояды. Рас қой, бұрынғының би-шешендерінің көкірек көзі кемел, сөзі пәтуалы, ойы жүйелі болды. Сондықтан артында ғасырлар өшіре алмаған өміршең сөздері қалды.

Айтқым келгені, әке ретінде балаңызға кітап сыйлап, бірге оқу маңызды. Біз баладан көп үміт күтеміз, көп нәрсені талап етеміз. Бірақ кітапқа құмарлығын оятып, көкірек көзін ашуға мән бермейміз. Қазір сапалы адами катал дегенді көп қолданатын болдық. Оны дамытудың нағыз көзі – кітап оқуда.

Жарықтық әкем үміт күткен ұлын рухтандырып, кітап оқытты. Содан болар отан тарихына, оның ішінде, сақ, ғұн, түрік заманы қызығып келемін. Екінші арна – тұлғатану бағыты қатты қызықтырады. Оқушы кезімде Өзбекәлі Жәнібековты тану арқылы елшілдік рухты сезіндім. Содан кейін Темірбек Жүргенов, Ілияс Омаров, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров және т.б тарихи тұлғалардың өмірі мен қызмет жолына зер салатын болдым...

Қысқасы, балаңызға кітап сыйлаңыз, әрі оқу дағдысы қалыптасуына ықпал етіңіз...

Нұрлат Байгенженің әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408