Мұхтар Тайжан: «Орыстардың қазақ тіліне қарсы шығуға қақысы жоқ»
Ұлттық ұйымдардың мемлекеттік тілге қатысты үндеуі қоғамда үлкен әңгіменің өзегіне айналды. Үндеуге орыстілді баспасөз пен ұйымдар өре түрегеліп, қарсы шықты. Ал, үндеуге қол қойған кейбір азаматтар «сыртымыздан қолымызды сүйкеп жіберіпті» деп басын алып қашып жатыр. Қазақ тілінің халі жазылған хатқа қол қойған азаматтардың бірі - Мұхтар Тайжанды тіл төңірегіндегі тартысқа байланысты әңгімеге тартқан едік.
"Абай-ақпарат"
- Мемлекеттік тіл туралы ұлттық ұйымдардың үндеуіне қатысты пікіріңіз қандай?
- Елімізде мемлекеттік тіл - бір тіл - қазақ тілі болуы керек. Орыс тілі - біз үшін өзге тіл.
Қарап тұрсақ, Алматының өзінде тілдік орта жоқ. Телеарналардың барлығы дерлік орыс тілінде хабар таратады. Басқа да тілдік мәселе жетерлік. Міне, сол үшін де ашық хатты қолдаймын. Одан бас тартпаймын.
- Ал, осы мәселеге орыстілді баспасөз мен орыс қауымының қарсы шығып жатқанына қалай қарайсыз?
- Олардың қарсы шығуға ешқандай құқығы жоқ. Өйткені, Қазақстан - қазақтың мемлекеті. «Ел бірлігі» доктринасында бұл анық жазылған. Әрі Қазақстан ұлттық мемлекет.

Меніңше, тіл мәселесінің бұлай өрістеуіне билік кінәлі. Себебі, жиырма жылдың ішінде орыстарға және де басқа этностық топтарға Қазақстанның қандай мемлекет екенін түсіндіре алмады. Ал, Қазақстан дегеніміз - ұлттық мемлекет! Ұлттық идеология болмаған соң, орыстілді қауымды қазақ тіліне қарсы шыққаны үшін кінәлауға болмайды.
- Қазақ азаматтарының кейбірі «Үндеуге қол қоймаған едім, сыртымнан қол қойып жіберіпті», деп тайқып жатыр. Аты дардай азаматтардың бұл әрекеттеріне не дейсіз?
- Қоғам алдында қадірі бар адамдардың мұндай істерін құптамаймын. Тіпті, оппозициялық партияда бас тартты. Егер ондай саяси партия билікке келсе, тіл мәселесі күрделі күйде қала береді деген сөз.
- Тілге қатысты көтеріліп жатқан мәселелерден билік қандай да бір қортынды шығарады деп ойлайсыз ба?
- Жоқ. Билік ешбір нәтиже шығармайды. Себебі, қазіргі билік коммунизм заманынан бері келе жатыр. Ал, совет өкіметінің отарлық билігін жүргізіп үйренген билік Тәуелсіз елдің саясатын жасай алмайды.
- Қазақ қоғамы үзбей көтеріп келе жатқан мемлекеттік тіл мәселесінің соңы қалай болады деп болжайсыз?
- Қазақтың жеңісімен аяқталады. Бірақ, қазір емес. Өйткені, біз, қазақтар көппіз. Қазақстандағы қазақтардың орта жасы - 27, орыстардың орта жасы - 47. Және қазақтар ел халқының - 70 пайызын құраса, орыстар - 23 пайыз ғана. 2020-ншы жылға қарай қазақтың саны - 80 пайызға көбейіп, орыстар - 10 пайызға азайды деп болжанып отыр. Алайда, бәрібір билік өзгеруі керек. Онсыз ұлттық мәселелерде өрге басушылық болмайды.
«Абай-ақпарат»