Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3531 0 пікір 14 Қыркүйек, 2011 сағат 02:37

Айгүл Кемелбаева. Сыбызғы ғұмыр

 

Автордың Жалаледдин Руми. Мәжнүн - жүрек мақаласының жалғасы

«Месневидің» сөз басы,  бисмилләсі - «Сыбызғы жыры» деп аталады. Бұл бүкіл поэманың күретамыры. Руми сыбызғыны суфийдің жанына балайды. «Сыбызғының құсалы жырын  естисіз бе? Ол да біз сияқты  айрылудан зарлайды. Нені аңсап, нені жырлайды ол? Мен өз діңімнен ажырап қалдым. Енді түп-тамырынан қиылып, бөлек қалғандардың  бәрінің қайғысын арқалаймын деп егіледі.  Тән жаннан алыстап, бөлінген, араларын перде бүркемелеп, қараңғылық басқан. Мен қамыс сыбызғы, маған жыр арқылы Құдай мен сендердің арасындағы кедергіні жою бұйырған. Мен Ләйліні Мәжнүн сүйгенін түйсініп ұғуларың үшін жылаймын. Ақыл ес мұны сезінуге дәрменсіздік танытқанмен, адам жүрегі ғана жырды бағалайды. Махаббат құлы жүректі таза ұстайды. Оның ғадал болмағы жанды емдеп жазуға жаралған.  Сүйіспеншілікке толы, махаббат оты лаулаған жүрек қана ақиқатты тани алады.  Ғашық топырақтан жаралғанмен ол сүйген зат нұр шашады деп еңірейді. Тәні топырақ жанның хаққа  ғашықтығынан жүрек көзі ашылады, ал ақиқат сәулесі түсетін айна тек жүрек. Егер бұл айнада бейне жоқ болса, онда жаныңның айнасын тазалауға асық. Тәніңнің бұғауын рухың қабыл алмауы үшін сыбызғы сыр шертіп сызылтады».

 

Автордың Жалаледдин Руми. Мәжнүн - жүрек мақаласының жалғасы

«Месневидің» сөз басы,  бисмилләсі - «Сыбызғы жыры» деп аталады. Бұл бүкіл поэманың күретамыры. Руми сыбызғыны суфийдің жанына балайды. «Сыбызғының құсалы жырын  естисіз бе? Ол да біз сияқты  айрылудан зарлайды. Нені аңсап, нені жырлайды ол? Мен өз діңімнен ажырап қалдым. Енді түп-тамырынан қиылып, бөлек қалғандардың  бәрінің қайғысын арқалаймын деп егіледі.  Тән жаннан алыстап, бөлінген, араларын перде бүркемелеп, қараңғылық басқан. Мен қамыс сыбызғы, маған жыр арқылы Құдай мен сендердің арасындағы кедергіні жою бұйырған. Мен Ләйліні Мәжнүн сүйгенін түйсініп ұғуларың үшін жылаймын. Ақыл ес мұны сезінуге дәрменсіздік танытқанмен, адам жүрегі ғана жырды бағалайды. Махаббат құлы жүректі таза ұстайды. Оның ғадал болмағы жанды емдеп жазуға жаралған.  Сүйіспеншілікке толы, махаббат оты лаулаған жүрек қана ақиқатты тани алады.  Ғашық топырақтан жаралғанмен ол сүйген зат нұр шашады деп еңірейді. Тәні топырақ жанның хаққа  ғашықтығынан жүрек көзі ашылады, ал ақиқат сәулесі түсетін айна тек жүрек. Егер бұл айнада бейне жоқ болса, онда жаныңның айнасын тазалауға асық. Тәніңнің бұғауын рухың қабыл алмауы үшін сыбызғы сыр шертіп сызылтады».

Сыбызғы - суфий рухының символы, рух тәнмен бірге болса да, бірақ ол көзге көрінбейді. Адам баласы тек сыртқы нәрсені қабылдайды. Француз философы Мишель де Монтень (1533-1592) адам туралы «Мен ойлай алатын қамыспын» деп ой толғауының астарында тап осы шейх Руми жырлаған рух - қамыс сыбызғы сыры тұнған. Руми - алхимик, сыбызғы - алхимия, суфийлік дүниетанымда алхимияның шынайы ғаділ мағынасын дүниеқорлықтың бықсыған былығымен шатастыруға болмайды. Аллашыл рухты сүюден айнып суфийлер бөтен ойды иектетпейді.

Сыбызғыны грек мифологиясында Гермес жасайды, ал  герметикалық шығармалар деп құпия, жабулы, таңдаулыларға бұйыратын білімді атайды.

Бала ақынның өзін алғаш қаз басып танығанына гимн болып табылатын «Муза» атты өлеңінде (1821)  Пушкин:

Сама из рук моих свирель она брала.

Тростник был оживлен божественным дыханьем.

И сердце наполнял святым очарованьем.

Пушкиндегі «И песни мирные фригийских пастухов» -  фригиялық бақташы, ол - Дафнис. Мифтегі аңыздық кейіпкер, буколикалық поэзияның жасаушысы, әнші, қайғыдан қаңғып жүріп әуен тартады, ақыры зар меңдеп, теңізге құлап  өледі.

Грек мифологиясында Сиринга («свирель, сыбызғы»)- нимфа, дриада, Аркадияны мекендейді.  Ол Артемиданы пір тұтып, қатаң түрде пәктігін сақтайды. Әдемі Сиринганың қыр соңынан мифтік құдайлар мен  сатирлер қалмайды. Бірде оны Пан құдай көріп қалып, қуа жөнелді. Үрейден бас  сауғалайтын жер таппай жан ұшырған Сиринганы наядалар қамысқа айналдырып жіберді, жел соқса қамыстан аянышты үн сыңсиды. Пан қамысты кесіп алып сыбызғы жасайды, бұл аспапты жанымен сүйді. Овидий «Метаморфозы» поэмасында бұл мифті жырлаған.

Ал тағы бірде бақташылар сыбызғы ойнаудан жарысқанда Пан мен өнер құдайы Аполлон бәсекеге түсті.  Жарысқа төрелік қылған Мидас Аполлонның асқан шеберлігін бағаламады,  расында Пан жеңілді, соның үшін жаза алған Мидасқа есектің құлағы өсіп шықты.  Оның ұстаған заты алтынға айналатын алхимик болғанын ұмытпау керек.

Антикалық философияда, Плутарх аңызында ұлы Панның өлімі дәуірі біткен антик әлемінің символы ретінде көрсетілген деп жазады А.Лосев.

Пан - Гермес пен емен бейнелі нимфа Дриопаның ұлы.  Панның  жүндес аяғы  текенің сирағы, шекесіне мүйіз өскен. Сиринга  шошынғандай  кейіпті бұл Пан шарапты, көңіл көтеруді сүйеді, сұлу  нимфаларға да көп  құмартады.

Нарт эпостарында Ацамаз алтын сыбызғыда ойнап, қас сұлуға үйленеді. Ешқашан толық ұйықтап қалмайтын жүз көзді Аргостың қырағылығын Гермес сыбызғы тартып, Панның Сирингаға махаббатын әуенге салып, ұйықтатып өлтіреді. Герместің есімі кейіннен оккульттік ғылымдарға байланыстырылды. «Қос мүйізді Ескендір» күйінің аңызында  ішіне сыймаған құпия сырды шаштараз тірі жан жоқ айдалада айқайлап айтады ғой. Адам баласына тіс жарса Ескендір патша басын алады. Керуен тоқтағанда сыбызғышы сол құдықтың қасынан қамыс кесіп алады.  Сыбызғы жасап, ойнайын десе, сыбызғы «Ескендірдің басында қос мүйіз бар» деп адамша сөйлеп қоя береді. Құпиясы жария болған сәтте Ескендір өледі. Бұл күй аңызы  жазушы-ғалым Ақселеу Сейдімбектің «Күй өнері» атты зерттеуінде баяндалған.

Эллиндік мифпен ортақ сарындары көп. Ескендір патша сыбызғыдан ажал табуы көне  қорқытшыл жадтың бір  мистериялық хикметін айғақтайды. Қазақта Орал өңірінде Сарымалай есімді (шын аты Садық) тамаша сыбызғышы болғанын  классикалық күй өнерінің  алғашқы зерттеушісі, композитор Ахмет Жұбановтың «Қазақ композиторларының өмірі мен шығармашылығы» атты зерттеу еңбегінен (1942) білеміз.  білеміз. Сондай-ақ сыбызғы туралы этнографиялық деректерді Жағда Бабалықұлы жазды.

Поэзияның тегінде сыбызғы барын орыстың А.С.Пушкиннен өзге де дара ақындары жырлады. «Твоя свирель над тихим миром пела, / И голос смерти тайно вторил ей». (Анна Ахматова. Ф.К. Сологубке).

Грек мифологиясындағы сыбызғы мен Руми рух салған сыбызғы бейнесіне О.Мандельштамның поэзия сырына арнау жыры  неғұрлым жанай туған: «Из омута злого и вязкого/  Я вырос тростинкой шурша, / И страстно, и  томно, и ласково /  Запретною жизнью дыша».

Орыс ақындары сыбызғышыл. Блок кеш пен бораннан, Клюев желден, Северянин көктемнен, Кузмин таңнан сыбызғы үнін естіп елтиді.

Велимир Хлебников (1885-1922) жүз жыл бұрын жазған өлеңінде  футуристік әсемпаз күй берілген.

И я свирел в свою свирель,

И мир хотел в свою хотель.

Мне  послушные свивались звезды

в плавный кружеток.

Я свирел в свою свирель, выполняя мира

рок.

Румиден жұғысты болған мәжнүндік аңғарылмауы мүмкін бе, делқұлы есерліктен арасы ай мен күндей қашық жұмбақ  рухқа тағзым. Ақындар әрнеден, қас әсемдіктен шаттық аңдайды, аллегорияға өле ғашық. Ағылшын ақыны Уильям Вордсворт (1770-1850) «Нарцисстер» атты өлеңінде күндей сары хош иісті гүлдер алқапта дөңгеленіп, қол ұстасып әндетіп билеп ойнайды, қамықса ақынның көкейінен кетпес қас асыл мезет осы. Джалаледдин Руми, нақ бір шейх Мевлеви орденінің биші  дәруіштеріндей дөңгеленіп.

Руми туралы энциклопедиялық қысқа деректер ғана  қырдағы қызғалдақтай қаптап өскеніне дәстүрлі мүшелтой айдарын жариялағанда көзім жетті. («Абай» журналы, №2. 2007 ж, Жалалиддин Руми).

Румиге өзінен кейінгі тұтас бір ақындар ұрпағы еліктеді. «Румидің мәні» атты кітапты американ ақыны Колман Баркс құрастырған. Ағылшын тілді елдерде бұл кітаптың таралымы күллі поэтикалық жыр кітаптарынан асып түсті.  Дж. Руми атында «Рух алхимиясы» атты әдеби сыйлық бар.

Соңы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522