Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
3534 1 пікір 24 Қаңтар, 2020 сағат 10:27

Ұлыбритания Еуроодақтан 31 қаңтарда шығады

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II елінің Еуропалық одақтан шығуы туралы парламент қабылдаған заң жобасын мақұлдады. Құжат күшіне енді. Енді Ұлыбритания Еуроодақтан 31 қаңтарда Лондон уақытымен 23.00-де шығады.

Заң осыған дейін премьер-министр Борис Джонсон мен Еуроодақ лидерлері арасындағы келісімге негізделген. Бұл келісімді әлі 29 қаңтарда Еуропарламент мақұлдауы тиіс. ЕО елдерінің көбі Брекзитті қолдамайтынын, бірақ құжатқа кедергі келтірмей мақұлдайтынын жеткізіп жатыр.

Ұлыбритания ЕО-дан Брекзит туралы референдум өткен үш жылдан соң барып кетіп жатыр. Брекзит мерзімі үш рет кейінге шегерілді. Себебі британ парламенті ЕО-мен келісімді мақұлдаудан бас тартты. Былтыр премьер болған Борис Джонсон ЕО-мен жаңа келісімге келіп, мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуге мүмкіндік алды. Нәтижесінде консерваторлар жеңіске жетті. Олар заң жобасын еш кедергісіз қолдады.

Британия ЕО-дан шыққаннан кейін өтпелі кезең басталып, ол 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Оған дейін Британия Еуропа елдерімен жаңа сауда келісімін жасауы тиіс.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1123
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2659
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 742