«Samgau» еріктілер ұйымы жаңа жоспарларын талқылады
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде ойы бір, әлемді жақсарту мақсатында көмектесуге біріккен «Samgau» еріктілер ұйымының 2020 жылдағы кіріспе сабағы өтті.
Ұйымның негізін қалаушы, жетекшілердің бірі Әсет Айдос бүгінгі таңда қайырымдылық қызметін кеңінен таныту және насихаттау мақсатында қызмет етсек деген жастардан құрылған 60 еріктілер мүшесі яғни оның ішінде 20 қыз, 40 ұл бар екенін айта келіп, былтырғы жылы жасалған жұмыстарға шолу жасады.
Тұлғаның рухани дамуына жағдай жасап, жастарға игі істер жасауға және еріктілер қозғалысын дамытуға ынталандыруды ниет еткен «Samgau» – жеке тұлғаның әлеуетін ашу, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, мұқтаж адамдарға және елге көмектесу, қайырымдылық жобаларында діни компонентті көрсету мақсатында жұмыстар жасайды.
Кіріспе сабақта ұйымның негізгі бағыт-бағдарына тоқталып, еріктілерді дамыту мақсатында атқарылатын жұмыстар талқыланып, озық ойлы студенттерден ұйымға жаңа мүшелер қабылданды.
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті
университетінің баспасөз қызметі.
Abai.kz